25 наурыз күні Украинаның Бориспол әуежайына алғашқы 10 HMMWV маркалы америкалық брондалған әскери көліктер жеткізілді, деп хабарлайды "Қамшы" порталы Украина президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. АҚШ әуе-әскери күштерінің ұшағы арқылы жеткізілген техинкаларды Украина президенті Петр Порошенко өзі қарсы алған. АҚШ үкіметі Украинаға көмек ретінде барлығы 230 брондалған HMMWV әскери көліктер жеткізуді жоспарлап отыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, 1 көліктен тиелген тағы екі ұшақ сәуірдің басына дейін Украина территориясына жеткізілетін болса, қалған 200 көлік 45 күннің ішінде әкелінеді деп күтілуде.
Петр Порошенко, Украина президенті: - Мен өз атымнан және Украина халқы атынан Америка құрама штаттарына және оні президентіне Украинаның шығысындағы, Донбасстағы жанжалдарға байланысты тұрақты позициясы үшін алғыс айтқым келеді. Біз бұл мемлекетаралық жанжалды бейбіт жолмен шешуге қанша әрекеттенгенімізбен, біздің қарсыластарымыз арадағы келісімдерді жиі бұзып отыр. Үлкен жанжалға, соғыс әрекетіне біздің әскери қуатымыз кемшіл болмақ. Сондықтан АҚШ және басқа да мүдделес елдердің әскери техникаларына мұқтажбыз. Осы мақсатта алғашқылардың бірі болып АҚШ үкіметі көмек қолын созып отыр.
https://youtu.be/982CC9Lr3Os
Нұрзат Тоғжан

