Астаналық ұсақ бұзақылар 18,5 миллион айыппұл төлеген

/uploads/thumbnail/20170708172148092_small.jpg

Жуырда  Астанаға қарасты Сарыарқа аудандың АІІБ-да 10-ға жуық ұсақ құқық бұзушыларға айып тағылды. Бұл туралы "Қамшы" порталы хабарлайды.

Айып тағылғандардың басым бөлігі қала көшелерінде, қоғамдық орындарда және  аялдамаларда  түкірген, шемішке қоқымын тастағандар мен арнайы белгілер көрсетілмеген орындарда қоқыс тастағандар. Сондай-ақ, кіші сот процесіне  ЖОО оқитын студенттер мен колледж оқушылары қатысқан.

Айгерім Сәдуақасова, мамандандырылған, ауданаралық, әкімшілік сот төрайымы:

- Байқағанымыздай бүгін сот процесіне  қатысып отырғандардың  басым-көпшілігі 16-17 жастағылар екен. Ескерте кетейін, сіздер ұсақ құқық бұзушылық фактілері бойынша Конституциялық жауапқа тартылуларыңыз мүмкін. Бірақ, бұл өзге достарыңызға үлгі боларлық іс. Бүгін сіздер жасаған ұсақ құқық бұзушылықтарыңыз үшін айып төлегендеріңізді өзгелерге айта жүрерсіздер. Бұл қоғамдық тәртіпті білмейтін немесе оған бағынғысы келмейтін әркімге қатысты екенін айтқым келеді.

Жыл басынан бері бұл 9-шы сот процесі болып отыр. Астаналық тәртіп сақшылары 2,5 айдың ішінде 1000-ға жуық ұсақ құқық бұзушылар мен бүзақыларды ұстаған.  Олардың 10-нан астамы бірнеше тәулікке қамауға да алынған. Ал қалғандары жеңіл жазаланып, тек айыппұл салынумен шектелген.

Осы уақытқа дейін Астаналық ұсақ бұзақылар қалалық бюджетке 18,5 миллион айыппұл төлеген екен.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар