Қазақстанда жаздың соңғы күндері күн салқындайды

/uploads/thumbnail/20180407174541383_small.jpg

Қазақстан аумағы арқылы Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан суық атмосфералық фронттар жылжитын болғандықтан, 30, 31 тамызда күн суытады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың көптеген облыстарында 30 және 31 тамызда жаңбыр жауады. Температура төмендейді. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда күндізгі температура плюс 15-23°-тан 8-15°С-дейін, ал түнде плюс 2-7° дейін, оңтүстік-шығыста күндіз 18-25°С-дейін төмендейді. Тек батыс және оңтүстік облыстарда күндізгі температура 27°-тан 34°С дейін көтеріледі. Жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қатысты Мақалалар