Жамбылда 12 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті

/uploads/thumbnail/20180830171407363_small.jpg

Жамбылда 28 тамыз күні үйінен шығып кеткен 12 жасар жеткіншекті жақындары іздеп жатыр, деп хабарлайды ZhambylNews

Ботабекова Жанета Жанатқызы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында тұратын. 2006 жылы дүниеге келген. Үйден кетер алдында "Мен үйден кеттім, іздемеңдер!" деп хат қалдырып кеткен.

Бойы - 150-155 см, арық, қара торы қыз. Соңғы рет үйден шыққанда үстіне қызғылт түсті футболка мен джинсы шалбар болған.

Жеткіншекті көрген-білгендер болса, 8(7262) 99-72-50; 99-70-10; 8 705 737 10 84(Ағасы) немесе 102 номерлеріне хабарласуға болады. 

Қатысты Мақалалар