Бір сәтке сезімге жол беріп ақылым жеңілді...

/uploads/thumbnail/20170708172208858_small.jpg
Меруерт Алтынбек есімді ақын қарындасымыз "Қамшы" порталына тырнақалды туындыларын жіберіп, оқырманмен қауыштыруды сұрапты. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы». Сын мен пікір сіздерден, құрметті оқырман!
Көктемім

Тағы бір көктеммен қауыштым, Бүр жарып ақ үміт. Көктемнен-көктемге ауыстым, Жазыма зарығып.   Маусымның нөсері жуа алмас, Жүректің шерлерін. Сонда-да көктемсіз күзде ағаш Жемісін термедік.   Қаулаған қырдағы қызғалдақ Қопарып көңілді, Бір сәтке сезімге жол беріп, Ақылым жеңілді.   Сені іздеп қараймын тау жаққа Неліктен кешіктің? Ғашық жан торудан талған-ба, Тағдырдың есігін?   Тәнтімін керуен тауларға, Бет алған заңғарға. Көгімді күзеткен бұлттарға, Аспанды арбаған. Сүйемін суын да нуын да, Табиғат дананың. Сен-дағы сүюді сағын да, Келсеңші сыңарым!   Бұл көктем еріксіз ұшырды Көңілдің кептерін. Жазыма жеткізер жолымды аш, Өзің боп өткелім...  

Сүйемін

Мен неге сүйе алмаймын? Жүрегім темір емес-қой. Мәжнүннің махаббатын қиялдаймын Бірақ, ол жайлы көмескі ой.   Ыстық жүрек суымаса да салқындап, Еркекке ерке сезім дірр етпейді. Табиғаттың өшіп қалған жадынан, Жандаймын суреттегі.   Сүйемін! Біреуді емес, бар Әлемді! Жер-Ғарыш аралығын! Сезімді сарқып кетсе бір беренді. Ренжиді Далам Ұлы!   Әйел емес! Алдымен, Адам болғам! Жаратқан қалауымен! Сондықтан, әйелдіктен биік маған, Адамдық адалдығым...  

Сәби мұңы

Көз жасымен моншақ түзіп таңы атып, Жүрегіне жазып алып АНА атын. Терезеге телмірумен бала отыр, Ұрлатып-ап балалықтың қанатын.   Ертегінің еліте алмай ешбірі, Ерте көріп бақытсыздық кеспірін. Телефонда ғана олар табысқан, Боталаған жанарымен кешқұрым.   «Сағындым-ғой»-дейді бала булығып, Көңілінің көлшігіне у кіріп, Ал, анасы еңбек еткен қалада, Құлынының болашағын ту қылып!   Өбектеген атасы мен әжесі, Анасындай бола-алмайтын бекерші. Балалардың ауырмаса жүрегі, Одан өзге бақытыңды не етесің?   Меруерт Алтынбек

Қатысты Мақалалар