Астанада шетелден келген қандастарды кешенді тестілеуге және мектепке дайындайтын орталық құрылды

/uploads/thumbnail/20170708172208366_small.jpg

Астана қаласында «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы шетелден келген қандастардың балаларын кешенді тестілеуге және мектепке дайындауды қолға алды. Зерделі ақыл-ой дамыту орталығы 2014 жылы қыркүйек айынан бері жұмыс жасап келеді. Орталықтың басты ерекшелігімұғалімдер сапасының біліктілігі. Онда үш ғылым докторы, оннан астам ғылым магистрлары жұмыс атқарады екен. Тек Астана қаласының жоғары санатты таңдаулы мұғалімдерінен қалыптасқан үздік қосын екен. Екінші ерекшелігі, ұстаздар ұзақ жыл олимпиадалар мен ҰБТ – да жинақтаған тәжірибелерінен пайдаланып, көптеген қазақ тілді оқу құралдарын дайындапты. Үшінші ерекшелігі, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының алдағы жоспары тек бизнес жоспар емес, қайта болашақ іргелі оқу орнына айналу бағдары нық, болашағы зор екені ұстанған бағыты мен жасаған жоспарнан айқындалып тұр. Алдағы сәуір айнынан бастап орталық осы бағыттағы негізгі жұмастарының бір бағытын шетелден келген қандастарға арнамақ. Орталықтың директоры Астана қаласы дарынды балаларға раналған «Зерде» мектебінің математика мұғалімі, математика ғылымдарының магистірі, олимпиадаларға арналған материалдардың авторы, ҚР білім министірінің екі мәрте құрмет грамотасының иегері Мәуіт Ырысбек бастама туралы ойын былай білдірді: - Өзімізде шеттен келгенде ең қатты қиналғанымыз жазу мәселесі мен тіл мәселесі болды, бірден үйреніп кету өте қиынға соқты. Ал, қазірде келіп жатқан ағайынға бұл өте аурытпашылық әкелуде. Кезінде арнайы бейімдеу орталықтары жұмыс істегенін білеміз, бірақ олардың бағыты білім беруге бағытталмаған, үлкен адамдарға бағытталған болатын. Қазір шеттен келіп осында баласын оқытып жатқан қандастарымыздың мектепте балаларының қатты қиналып жүргені туралы көп естиміз, өзіміз істейтін мектептерден де көріп те жүрміз. Оның үстіне, дайындық курсына үлгере алмай қалған оқушыларда кешенді тестке қатысып бақ сынағысы келеді, бірақ, арнайы бағдарлама мен дайындалмаған соң оқуға түсе алмай жатқанын көріп жүрміз. Орталықта осы бағытты қолға алып, шеттен келген қандастардың балаларын мектепке және кешенді тестілеуге дайындауды арнайы бағдарламасын дайындадық. Біздегі мұғалімдердің бірсыпрасы Қытайдан, Монғұлиядан келген, өздері сол елдің тілдерін, оқу-ағартуының жүйесін білетіндіктен ол қатты қиянға түспеді. Енді сол бағдарламаға сай осы бағытта үздіксіз жұмыс істемекпіз, – дейді. Иә, қазаір шетелдегі қандастардың елге келудегі ең алаңдайтын бір ісі балаларының оқу үлгерімі мен болашағы екені хақ. Себебі, өзге елде өзге тілде оқыған, крелицаны мүлде танымайтын оқу жасындағы балалардың бірден жақсы оқып кетуі, тіпті, оқуға толық ілесіп кетуі қиын. Осы бағытта арнайы жұмыс істеуді бастаған орталық жұмысына сәттілік тілейміз.

Орталық мекен-жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр 40 «Инфинити-1» түрғын үй кешені Қосымша ақпаратты орталықтың zerdeli.kz сайтынан ала аласыздар.

Қазбілім порталы Аятжан Ахметжан

kazbilim.kz

Қатысты Мақалалар