Соңғы кезде қазақ тойларында "атың шықпаса жер өртенің" керін көрсетіп жүргендер жиілеп кетті. Осының алдында қазақ тойларындағы тәнін тырдай жалаңаштап, стриптиз билеп жүрген қыздарды көріп жағамызды ұстаған едік. Бұл оқиға әлеуметтік желілер мен интернет қолданушылардың наразылығын тудырғандықтан қазақ тойларындағы стриптиз шоулар сәл саябырси бастаған. Енді міне тағы қоғамда резонанс тудырған бір шулы тойдың вдеосы интернетте танымалдылыққа ие бола бастады.
Бұл жолы Қазнет тұтынушыларын домбыра рөлін "сомдаған" қазақ қызы шулатты. Асаба жігіт сергіту, бой жаздыру үшін тойға келген қонақтар арасында ойын ойнатамын деп, атақты Құрманғазы Сағырбайұылының "Адай" күйін мазаққа айналдырған.
Ең сорақысы орындықта отырған жігіт қонақ қызды домбыры ретінде пайдаланып, күй шерткен сыңай танытқан. Ал қыз болса, жігіттің тізесіне көлденеңінен жатып домбыра рөлін сомдаған. Домбыра пернесі әйелдің көкірек тұсына дәл келсе, ішегі мен шанағы әйелдің әуретті жеріне дөп келген. Ал екеуінің ерсі әрекеттерін сырттай бақылап тұрған той қонақтары арасында жасы үлкен қариялар мен егде тартқан азаматтардың бірде-біреуі бұл бассыздыққа тоқтау айтудың орына мәз-мейрам болып тұрған.
Осылайша арзан күлкі, ақылсыз әрекеттің артында қазақтың дәулескер күйшісі, атақты Құрманғазы Сағырбайұлын қорлау жатқанын аңғармай да қалған. Қазірдің өзінде әлеуметтік желілерде "бұл білместіктен туындаған деп ақтауға келмейтін өрескел қателік және бұл бассыздыққа жол бергендер заң алдында жауапқа тартылуы тиіс",- деген пікірлер айтылуда.
Естеріңзде болса, осыған дейін Алматыдағы гей клуб өзінің жарнамасында "Құрманғазы мен Пушкинді" сүйістіріп қойғаны үшін әлеуметтік желі тұтынушылар мен қоғам белсенділері құқық қорғау органына шағымданып, нәтежиесінде атышулы клубтан 34 миллион теңге айыппұл өндірілген болатын. Бұл біразына сабақ болар дегеніміз сол-ақ екен, енді міне қазақ тойында арзан күлкі үшін Құрманғазы атамыздың "Адай" күйін әйелдің әуретіне балаған. Бұл бірінше мәрте болып отырған жоқ. Сондықтан тиісті органдар бұл бассыздықа жол бергендерді жауапқа тартуы тиіс. Сіз не дейсіз?
https://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=E6SSmTa9njY Нұргелді Әбдіғаниұлы