Кеше АҚШ-тың Манхеттен штатында көп қабатты ғимараттың бірінде жарылыс болып, салдарынан 19 адам ауыр жараланған. Бұл туралы "Қамшы" порталы "The NewYork Times"-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. Оқиға бейсенбі күні Манхеттеннің шығысындағы Вилладж ауданында орын алған. Тұрғындар орналасқан көп қабатты ғимаратта үлкен жарылыс болып, салдарынан іргелес орналасқан 5 бірдей ғимарат өртке оранған.

Оқиға орын алған жерде "Қызыл крест" қоры уақытша шатырлар тігіп, өрт пен жарылыстан зардап шеккендерге түрлі көмектер көрсетуде. Әзірге зардап шеккендер туралы толық әрі нақты деректер айтылмаған. Алайда, әуелгі жарылыс болған ғимараттың ішінде болған 19 адам ауыр жарақат алып, 1 адам жоғалып кеткен. Ал өртке оранған көрші ғимараттан 55 ересек адамды және 1 сәбиді құтқару қызметкерлері өрттен арашалап қалған. "The NewYork Times" және "divannaya-sotnya.com.ua" басылымдары әзірге оқиға орынынан жедел фотосуреттер ғана жариялап отыр.

https://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=DmS6Tv1g9Cw Нұрзат Тоғжан "Қамшы" сілтейді