Жұртшылықты аспанға қаратқан Абай Бегейдің «Ай Мүсін» әні тек қазақтың тойында емес, ресейдің шоқ жұлдызы Тиматидің концертінде шырқалып, оның сүйікті әндерінің тізіміне еніп үлгерді. Абайдың жұлдызын жаққан бұл әннің арқасында күнтізбесінде тіпті бір бос күн жоқ. Сұранысқа ие хит ән оған қыруар қаржы әкеліп, қалтасын да қалыңдатты.
Ең қызығы Тимати мен Абай Бегейдің продюсерлері өзара келісім жасап жатқан көрінеді. Ресейлік орындаушы жуырда Алматы қаласында өтетін Абайдың алғашқы ән кешінің қонағы болмақ. Бұған дейін Абай Бегей Ақтау қаласында Кубалық әншілермен бірлесіп концерт өткізген болатын. Ән өзге ұлт өкілдеріне неліктен ерекше әсер етті екен?! Музыка тіл талғамайды деген осы болса керек. Десек те, қазақ әнінің шетелде насихатталуы қуанарлық жағдай.