Ресейге жалға берілген Байқоңырдың 25 мың гектары қайтарылады

/uploads/thumbnail/20170708172252717_small.jpg

Жуырда Қазақстан және Ресей үкіметі Роскосмосқа жалға берілген Байқоңырдың 25 мың гектарын Қазақстанға қайтару туралы келісімге келмек. Бұл туралы "Қамшы" порталы Қызылорда облысы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Осыған орай, Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев "Байқоңыр" комплексінде орналасқан Ресейдің Федералды ғарыш агенттігінің басшысы Игор Комаровпен болған кездесуде мәлімдеген.

Кезедесу барысында Төретам және Ақай ауылдарын кеңейту үшін Ресейдің "Роскосмос" агенттігі жалға алып отырған Байқоңырдың 25 мың гектарын Қазақстанға қайтару, сонымен қатар, "Батыс Қытай - Батыс Еуропа" магистралінің құрылысын дамыту жолдары қарастырылған.

Көшербаев пен Комаров Қызылорда облысындағы туризмді дамыту, зымыран ұшырылатын аймақтағы тамашалу орындарының құрылысын бастау, "Крайний" әуе жайының жөндеу жұмыстарын қолға алу, EXPO-2017 кезіндегі шет елдерден Қазақстанға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мәселелерін сөз етілген.

Сондай-ақ, басшылар "Байқоңыр" ғарыш айлағының 60-жылдығы мен Жеңс мейрамының 70-жылдығын атап өту жоспарларын талқылаған. Ғарыш айлағының 60-жылдығына орай, аймақтағы ЖОО студенттерімен  және мектеп оқушыларымен "Байқоңыр" космодромы ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру, мерекелік шаралардың жоспарларын қабылданған.

Еске сала кетейік, Байқоңыр қаласы мен "Байқоңыр" ғарыш айлағы Ресей Федерациясына 2050 жылға дейін жалға берілген болатын.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар