«Қазақия 2015» блог-сапары: еліңді таны!

/uploads/thumbnail/20170708173916982_small.jpg

Қазнетте «Қазақия 2015» байқауының іріктеуі басталады. Бұл туралы аталған жобаның ұйымдастырушылардың бірі Рахат Жақсыбай өзінің Facebook парақшасында жариялады. «Қазақия 2015» бұл – Қазақстанның сегіз облысы мен қаласын қамтитын блог-сапар. Шарт бойынша 14 күн ішінде он екі стансаны шойын жолмен басып өтетін байқау қатысушылары интернет ресурстарда (әлеуметтік желі) сапар барысынан жолжазба жариялауы тиіс. Басқаша айтқанда, блог-сапар мақсаты – елімізді жаңа қырынан танытып, қазақтілді интернет кеңістікті сапалы мәтіндік, бейне, фото контентпен толықтыру. «Қазақия-2015» жобасының жүлде қоры – 1 000 000 теңге. Оған сапалы интернет-контент жасай алатын, әлеуметтік желі белсенділері қатыса алады. Байқау іріктеу кезеңдерін қоса алғанда, 26 наурыз бен 24 сәуір аралығында өтеді. Блог-сапардың өзі 10 сәуір мен 24 сәуір аралығына жоспарланған. Қатысушылардың еңбегі интернеттегі жазбасының тартымдылық индексімен, қазылар алқасының бағалауымен анықталады. Байқаудың іріктеу шарттары мен блог-сапар туралы ақпаратты «Қазақия 2015» жобасының әлеуметтік желілердегі ресми

парақшаларынан

табуға болады. Жобаға Altel 4 G GSM компаниясы демеушілік етуде.

Қатысты Мақалалар