Әкесі 28 жастағы туған қызын пышақтап тастады

/uploads/thumbnail/20171005111858592_small.jpg

Шымкентте ер адам өз қызын пышақтап тастаған. Абай аудандық сотында осы қылмыстық іске қатысты сот процесі басталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Әкесі 28 жастағы қызын ашу үстінде асхана пышағымен жарақаттаған.Нақтырақ айтқанда, кикілжің кезінде қызының арқа тұсынан екі рет пышақпен соққылаған.

1960 жылы туған Қазығұрт шағын ауданының тұрғынына ҚР Қылмыстық кодексіні 106-бабының 1-бөлігімен айып тағылып отыр. 

Тергеу барысында ер адам жасаған қылмысын толық мойындаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар