Бүгін кино және театр актері Тұрсын Байтайұлы Құралиев дүниеден озды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Тұрсын Байтайұлы 1950 жылы 6 қаңтарда Жамбыл облысы Шу ауданы Құлақшын бекетінде дүниеге келген.
1968-1972 жж. М. Щепкин атындағы театр жоғары училищесінің актер мамандығы бойынша тәмамдады.
1975-1977жж. Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етті.
1977 жылдан бері Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек еткен.
1998 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі» атағын алды.
50-ден астам рөлдерде ойнаған. «Мосфильм», «Қазақфильм» киностудиялары фильмдеріне түскен. «Айман-Шолпан» (Әлібек), М. Ауезовтың «Апуа (Арман), А. Таразидің «Жәкеп кісі (Шалгез), С. Сматаевтың «Зар Заман» (Барақ Сұлтан), С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» (Алтай) және т.б көптеген рөлдерді сомдаған.
Тұрсын Байтайұлы Құралиевтің ең соңғы түскен телехикаясы – «Тар заман».
Пікір қалдыру