Қыз зорлады деп айыпталған Роналдудан сүйіктісі сырт айналып кете ме?

/uploads/thumbnail/20181002110122507_small.jpg

Роналдудың сүйіктісі, оның төрт баласын мәпелеп-тәрбиелеп отырған қалыңдығы Джорджина Родригес футболшыға қолдау көрсетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Қыркүйек айының соңында 33 жастағы танымал футболшы Криштиану Роналдуға америкалық Кэтрин Майоргты зорлады деген айып тағылды. Криштиану Роналду бұл ақпарға байланысты бірден мәлімдеме жасауға асықты. Ал әлемге танымал футболшының сүйіктісі Джорджина Родригес бұл жайтқа бейжай қарай алмайтынын айтып, Роналдуға қолдау көрсетіп, футбол жанкүйерлерін қуантты. Джорджина Родригес Криштиану Роналду мен оның командасы жеңіске жеткен стадионда түсірілген фотоны өзінің әлеуметтік желісіне жариялап, өзінің жүрекжарды сезімін білдіріп, жазба қалдырды.

«Өмірлік жолымыздағы қиындық-кедергілер біздің мықты болуымызға, күш-жігерімізді жасытпауға өз әсерін тигізіп, рухани кемелденіп өсуімізге септік етеді. Бүгінгі естен кетпес, әдемі ойын үшін рақмет! Мен сені жанымдай жақсы көремін, Криштиану», деп ой толғапты төрт баланы тәрбиелеп отырған футболшының қалыңдығы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар