Ақтөбеде жоғалып кеткен келіншек Алматыдан табылды

/uploads/thumbnail/20181006130949224_small.jpg

Алматыда полицейлер бір ай бұрын Ақтөбеде із-түссіз жоғалып кеткен балабақша тәрбиешісін тапты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Диапазон сайтының дерегін негізге алып.

24 жастағы егіздің анасы жұмыстан шыққаннан кейін үйге оралмапты.

«Іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе облысының ІІД қызметкерлері жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 1994 жылғы Мұқанбетжанова Айдана Сандыбекқызын Алматыда тауып алған», - деді ІІД өкілдері. 

Полиция қызметкерлері істің мән-жайын толық айтқан жоқ. Алайда бейресми мәліметтерге сүйенсек, келіншек жеке мәселесімен басқа қалаға кетіп қалған.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар