59 жастағы ер азамат өзінің 83 жастағы қарт шешесін бензинмен өртеп жіберген (оқиға)

/uploads/thumbnail/20170708173928066_small.jpg

Бұл жан түршігерлік оқиға Беларусияның Брест облысына қарасты Лунинск ауданы Кожан-Городок ауылында орын алған. 59 жастағы ер азамат  өзінің 83 жастағы қарт шешесін бензинмен өртеп жіберген. Көршілерінің айтуынша, ресми құжаттарда ұлы жергілікті әкімшілікке әлеуметтік қызметкер ретінде тіркелген және өзінің қарт шешесін қарауға жауапты болған.  Алайда, шын мәнінде бәрі  мүлде басқаша еді. 83 жастағы кейуана ішімдікке салынған, жұмыссыз ұлының күтушісі болған еді, дейді. Ол үнемі кейуанаға қол жұмсап, араққа ақша алып кетіп жүрген. Тіпті, ішімдікке қатты масайған күндері өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенетін. Бұл бірнеше мәрте қайталанғанып отырған. Наурыздың 27-і күні ол қайтадан қарт шешесінен ішімдікке сатып алу үшін 50 берарусь рублі (3,44 доллар) көлемінде ақша талап еткен. Ал кейуана ұлына ақша бермейтінін айтқанда, ашуланған ұлы ауладағы қалбырда тұрған бензинді шешесінің үстіне құйып, аяусыздықпен өртеп жіберген. Өртке оранған қарт жан ұшыра дауыстап, көршілерін көмекке шақырған күйде бар пәрменімен көшеге қарай ұмтылған. Ал араққа сылқия тойып алған ұлы ауладағы сарайға кіріп, тығылып қалған. Мұны көрген көршілері өртті сөндіріп, жедел-жәрдем мен милиция шақырған. Жедел-жәрдем мен милиция келгенде қарт есін толық білген және барлығын өзі айтып берген. Жедел әрекетке кіріскен милиция қызметкерлері қаныпезерді тұтқындамақ болып, сарайдың есігін бұзып кіргенде, ұлы арқан-жіпке асылып қалғанын көреді. Ал қазіргі таңда жәбір көрген зейнеткер Лунинскі аудандық ауруанасынығ жан сақтау бөлімінде жатыр. Жасы 84-ке келетін қарт ананың денесінің 50, пайызын күйік шалған. Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар