Есек еті Тараз балабақшаларына әкелінген бе? (видео)

/uploads/thumbnail/20170708173928758_small.jpg

Жақында әлеуметтік желілерде жұрттық жағасын ұстатқан тағы бір бейне ролик пайда болды. Аталмыш бейне роликте Тараз қаласында орналасқан жеке меншік балабақшалардың біріне жүк көлігіне тиелген тірі жануарды әкеліп, артынан сойып жатқаны бейнеленген.

"Instagram" және "You Tube" желілерінде бұл есектің еті болуы мүмкін деген болжамдар айтылуда. Ал бейне роликте жүк көлігінде есектің кесілген басы анық бейнеленген.

Есектің етінен тағамдар дайындады деген күдікпен жеке меншіктегі  "Анета" балабақшасында тараздық құқық қорғау қызметкерлері арнайы тексеру жүргізуде.

"Иә, біз қазір балабақшада тексеру жұмыстарын бастап кеттік. Құзырлы мекемелер қазір балабақшада. Бізге балабақшаға есектің еті әкелінгені бейнеленген бейне ролик пен бірнеше ата-анадан шағымдар келіп түсті. Санэпидемиологиялық мекеме қызметкерлері балабақшада тәркіленген еттке сараптама жасауда. Сараптама қорытындысы қолымызға тимей тұрып, бәлендей ештеңені кесіп айта алмаймыз",-дейді прокурор Бағлан Телеуов.

Ал балабақша директоры ол жерге әкімшілік қызметкерлері мен прокуротурадан кісілер келіп, тексеру жүргізіп жатқанын айтқан. "Бұл монтаж. Барлық құжаттар менің қолымда тұр. Бұл бәсекелестеріміздің арнайы арандату үшін жасап отырған әрекеті болуы мүмкін",-дейді балабақша директоры.

Оның айтуынша, бейне роликте есектің етін монтаж кезінде әдейі қосып жіберген-мыс. "Атылмыш видео әлеуметтік желілерге тарап кеткен соң, ата-аналармен бірге келіп, балабақша асханасын тексергенбіз. Ол жерде ешқандай да есектің еті болмаған. Біз өз балабақшамызға сыйыр етін әкелеміз. Біздің балабақшада үнемі сыйыр етінен тағамдар дайындалады. Есектің еті деген қаңқу, арандату үшін жасалып отыр",-дейді директор Валентина Исабаева.

https://youtu.be/W4s0pTALy28

Естеріңізде болса, осыған дейін Қырғызстанның мектептерінде есек етінен тағам әзірледі деген күдікті бейне ролик әлеуметтік желі тұтынушыларының арасында қызу пікір-талас тудырған болатын. Сол кезде, қырғыздан әкелінетін есек еті қазақ асханаларына жеткізілген деген қаңқу әңгімелердің шеті шыққан еді. Алайда, бұған ешкім мән бермеген. Енді міне, Қазнетте тараздық тұрғындардың түсірілімі пайда болды.

https://youtu.be/IoaVydOLm8Q

Есек етінен балаларға тағам әзірледі деген күдікке ілінген жеке меншіктегі "Анета" балабақшасын 2011 жылы тараздық тұрғын Валентина Исабаева ашқан болатын.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар