Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РМК "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты, өткінші жауын-шашынды ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман болады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Манғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Пікір қалдыру