Бүгін Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы фракциясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Отырыс барысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі тапсырмалары, фракцияның III сессиясының қорытындысы талқыланды.
Отырыс Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары мен «Нұр Отан» партиясы фракциясының басшысы Гүлмира Исімбаеваның бастамасымен өтті.
Фракция басшысы Гүлмира Исімбаева өз сөзінде алтыншы шақырылымдағы депутаттық корпустың атқарған жұмысын Нұрсұлтан Назарбаев жоғары бағалағанын айтты. Сонымен қатар Мәжіліс Парламентінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин Палатаның бірінші пленарлық отырысы барысында IV сессияның ашылуында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сай орындалуы шарт барлық жұмыстарды нақты атап шықты.
Сонымен қатар, фракция басшысы депутаттардың алдындағы міндеттерін Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы әрі Жолдауымен байланыстырды.
«Біз, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшелері партия төрағасының барлық тапсырмаларын жауапкершілікпен орындауға тиіспіз. Себебі тапсырмалардың бәрі дерлік елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуға негізделген. Әрине, азаматтардың да әл ауқаты бақылауда болады», - деді вице-спикер Гүлмира Исімбаева.
Фракция басқарма төрағасының бірінші орынбасары Базарбаев фракция жұмысының III сессиясының қорытындысы мен маңызды міндеттері әрі фракция мүшелерінің IV сессиядағы міндеттерін баяндады.
Өз баяндамасында «Нұр Отан» партиясы төрағасы тапсырмалары әрі партияның сайлау алды «Қазақстан – 2021: Тұтастық. Тұрақтылық. Жасампаздық» бағдарламасы аясында жасалған жұмыстарымен таныстырды.
Фракцияға мүше депутаттар да баяндамаларымен таныстырды. Сабильянов, Омаров, Мамраев, Аманжолова, Оспанов заңнама мәселелеріндегі мемлекет басшысының тапсырмалары аясында орындалған міндеттерін оқыды.
Отырыс қорытындысында төртінші сессияға нақты жоспарлар жасалды.
Айта кетейік, отырысқа «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қуанғанов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары – фракция мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттары қатысты.
Бұған дейін Елбасы «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысып, партияны жүйелі түрде жағырту керектігін айтқан. Әрі Елбасының әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруға кірісу керектігі айтылды.
«Партия күн тәртібіндегі жалпыұлттық деңгейдегі жұмыстарға белсенді араласып, модернизация заманындағы қозғалысы жылдам күшке айналуы тиіс. Сонымен қатар тек партияның емес, мемлекет бойынша кадрлық резервтің жұмысын ретке келтіру керек. Осыған сәйкес, басты назар санда емес, сапада болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Елбасының сөзін қолдап, партияның алдындағы міндеттерді ескеріп өтті.
«Мемлекет басшысының саясаты арқасында еліміз тәуелсіздік жылдарында мол табыстарға қол жеткізіп келеді. Бүгінгі күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді алдына үшінші жаңғыруда жүзеге асыру мақсатын қойып отыр. Осыған байланысты Қазақстанның жаңғыруына жүйелі қатысатын стратегиялық күш болып қалыптасу – партияның басты міндеті», - деген еді Әшімбаев.
Пікір қалдыру