Жобалық қаржыландыру бағдарламасы аясында қандай жұмыстар атқарылды?

/uploads/thumbnail/20180206181539660_small.jpg

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Даму КДҚ» АҚ Алматы қаласы филиалының директоры - Сыздықов Мереке Өмірбекұлы, Субсидиялау және кепілдік беру бағдарламалары бойынша бас маман - Нұрпейісов Талғат Айтқазыұлы, Клиенттермен жұмыс істеу бойынша бас маман - Оралтаева Лаура Серіктайқызының қатысуымен  «Жобалық қаржыландыру бағдарламасы аясындағы атқарылған жұмыстар» атты баспасөз конференциясы өтті.

Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуы ең маңызды болып табылады және ең жоғары мемлекеттік деңгейде қарастырылады. Елдің үкіметі кәсіпкерлік белсенділіктің өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған мақсатты және дәйекті саясат жүргізу және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау біздің еліміздің мемлекеттік экономикалық саясатының басымдықтарының бірі болып табылады. 2010 жылдан бастап Қор «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының қаржылық агенті және операторы болды және бағдарламаның бастамашысы Елбасы болып табылады. Бағдарлама кәсіпкерлердің басты мәселелерін шешуге арналған. Бұл несиелердің жоғары құны және кепілдіктің болмауы.«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы 2 бағытқа бөлінеді: Қаржылай және қаржылай емес қолдау. Қаржылай қолдауға пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жатады, бұл дегеніміз бюджеттен өтеусіз негізде берілетін несие бойынша сыйақының бөлігі.

Бағдарламаға енгізілген  өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі ҚР-ның Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын, 5% тармаққа ұлғайтылған, оның ішінде номиналды мөлшерлеменің 40 % мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төлейді кредиттік шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады. Бүгінгі күні несие пайызы 14% -дан аспауы тиіс, оның 5,6% -ын мемлекет өтейді. Бағдарлама аясында экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау қолдауы көрсетіледі.

Сондай-ақ несиені кепілдендіруге мемлекеттік қолдау көрсету құралы бар, несие алған кезде кәсіпкер кепілдемемен қамтамасыз ету керек. Егерде кәсіпкердің кепілдігі жеткіліксіз болса, «Даму» Қоры кепілдік беруге дайын, яғни кепілдіктің жетіспеуін толықтырады.Жоба шеңберінде, жаңа ісін бастаған кәсіпкерге кредит сомасы 20 млн. Теңге дейін несиенің кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-ынан аспайды, ал 15% айырмашылығын қолма-қол ақшамен немесе жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктің кепілдік нысанын бастаушы кәсіпкер беруі тиіс. Ал жұмыс ітпеп жатқан кәсіпкер үшін Қор несие сомасының 50% дейін кепілдік бере алады.

03.09.2018ж нәтиже бойынша, 22  жобаға пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, сомасы 8 311 млн.тенге құрайтын келісім шартына қол қойылды. Өнеркәсіп, көлік және сауда салаларын жетекші орын алады. Мемлекеттік бағдарламаны сәтті жүзеге асыратын белсенді банктерді атап өткім келеді, бұл: «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк Центр Кредит» АҚ. Кепілдеме құралы бойынша биылғы жылы Алматы қаласында 39 жоба қолдау алды, жалпы несие сомасы 3 113 млн.тенге құрайды, сонымен бірге кепілдеме сомасы 1 293 млн.тенге құрады.

Өткен жылдың екінші тоқсанынан бастап, біз тағы бір мемлекеттік бағдарламаны "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыра бастадық. Қор қалалық аймақтарда шағын бизнестегі кәсіпкерлерді несиелеу операторы болып табылады.Бұл бағдарлама бойынша кіші және орта бизнестегі кәсіпкерлерге несие 6 % мөлшерлемесімен беріледі, мерзімі 5 жылға дейін салалар бойынша шектеусіз. Бір кәсіпкер үшін максималды лимит 8000 МРП құрайды. Егер кепілдік төлем жеткіліксіз болса, Қор несие сомасынан 85%-ға дейін кепілдеме қолдауын бере алады.

Ағымдағы жылдың 03.09.2018 жағдайы бойынша жалпы сомасы 140  жоба қолдау алды, жалпы несие сомасы 2 086 млн.тенге құрайды, сонымен бірге кепілдеме  бойынша 26  жоба қолдау алды.

Алматы қаласында, сауда және қызмет көрсету секторларының 60% -дан астамын құрайтындықтан Алматы қаласының әкімдігі мен Даму Қоры бірлесіп «Жібек Жолы» атты өңірлік бағдарламасын іске асырды, бұл бағдарлама «Бизнестің жол картасы -2020» шеңберінде басымдық тізімге енгізілмеген сауда, сұлулық салондары, жатақханалар және басқа салалардағы кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы 2015 жылдың мамыр айынан жұмыс істей бастады. Несиелеу шарттары:1.    Бағдарламаға Алматы қаласында тіркелген және жұмыс істейтін шағын және орта бизнес ғана қатыса алады:2.    Ең жоғарғы несиелеу сомасы бір кәсіпкер үшін 180 млн. теңге.3.    Сыйақының номиналды мөлшерлемесі- жылдық 7%4.    Несие мерзімі– 84 (сексен төрт) айға дейінСыйақының номиналды мөлшерлемесі- жылдық 7%.

2017 жылдың қараша айында қосымша 3-ші транш бойынша 2,7 млрд. теңге сома бөлінді, банк серіктестер: «Нур Банк» АҚ, «Форте Банк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Народный Банк» АҚ. Жобаны іске асырған сәттен бастап «Жібек Жолы» бағдарламасы арқылы 212 кәсіпкер қаржыландырылды.

            Айта кету керек, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қаржылық қолдауымен энергия үнемдеуді жүзеге асыратын кәсіпкерлерді қолдайды.

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы төмен көміртекті жобаларды іске асыру үшін несиелік пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде қолдау көрсетеді, атап айтқанда, жобаның қаржылық көрсеткіштерін жақсарту және оны өтеу мерзімін қысқарту үшін банктік несие мөлшерінің 10% -ын жабу.

      Ағымдағы жылы осы бағдарлама аясында 600 млн. теңгеге 1 жоба қолдау тапты. «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ ұшу-қону жолақтарын жарықтандыруды жаңғыртуды жоспарлап отыр.     Сондай-ақ, Қор «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің субсидиялау түрінде қолдау көрсетеді, яғни, құрылысшыларға несие бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 7% -ын субсидиялайды. Екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (жеке құрылыс салушыларға) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасының деңгейінен 5% -дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша несие береді, субсидиялау туралы шешім қабылданған кезде әрекет етеді. Субсидиялау жеке кәсіпкерлік субъектісінің қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 7% -ын «Даму» қоры арқылы республикалық бюджет есебінен өтейді.     Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысы бойынша екі жоба мақұлданды.1)     «Қарасу Тұрғын үй» ЖШС Алатау ауданының Қарасу шағын ауданында  жеке 7 тұрғын үй салуды жоспарлаған2)    «Нов-Эк» ЖШС Әуезов ауданында «Әділет» тұрғын үй кешенін салу жоспарланып отыр.      Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында, 8 ай ішінде  2 400  адамға кеңестік қызмет көрсетілді, екінші деңгейдегі банктерге дейін 330 жоба қаржыландырылды, олар мемлекет тарапынан қаржылық қолдау алды.

 Сондай-ақ, «ШОБ басшылығының біліктілігін арттыру» жобасы аясында 57 кәсіпкер «Назарбаев Университеті» бизнес-мектебінің негізінде білім алды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар