Қазақстанда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2019 жылға дейін 15 жоба іске асырылады

/uploads/thumbnail/20181018110447717_small.jpg

Елімізде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымын құру жұмыстары  әлі күнге дейін белсенді атқарылуда. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы жобалар 2019 жылға дейін жүзеге асырылады.

Нақты айтар болсақ, бүгінде қазақстандық жол құрылысшылары Елбасының бірінші кезекке қойып отырған тапсырмасын орындауда. Ол – Астана қаласын орталықтан қашық жерде орналасқан облыстармен біріктіру мақсатында жүзеге асырылып жатқан сәулелік негізде көлік инфрақұрылымын құру. Орталық коммуникациялар Қызметінің көлік секторының өкілдері биылғы жылы бұқаралық ақпарат құралдарын аталмыш бағдарламаның іске асырылу барысымен таныстырған болатын.

«ҰҚ «Қазавтожол» АҚ басқарма басшысының орынбасары Темірхан Меңдіғалиевтің мәліметінше, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылға дейін жалпы ұзындығы 4,6 мың шақырымнан асатын 15 жоба іске асырылуы тиіс.

Бұл жоспарға қадай дәліздердің кіретінін де атап өтті: Орталық – оңтүстік «Астана – Қарағанды – Балқаш – Алматы», Орталық – Шығыс «Астана – Павлодар – Қалабатау – Өскемен», Орталық – Батыс «Астана – Арқалық – Шалқар – Қандыағаш», Орталық – Солтүстік «Астана – Петропавл – Ресей шекарасы».

Бұдан бөлек, басым бағыттардың бірі – Алматы-Өскемен, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Қалабатау-Майқапшағай, Орал-Каменка-Ресей шекарасы болып табылады.

Басқарма басшысы төрағасының айтуынша, бүгінгі таңда бұл жобаларға қатысты бірқатар келісімшарттарға қол қойылып, құрылыс жұмыстары басталып та кеткен.

Оның пікірінше, биылғы жылы 525 шақырым жолдың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.«Бұл жобаларды толығымен іске асыру 2022 жылға дейін созылмақ», - деп атап өтті Темірхан Меңдіғалиев.

Сонымен қатар, «Қазавтожол» АҚ басқарма басшысының орынбасары елдегі барлық жол объектілері бірыңғай Ұлттық стандарт бойынша салынатындығын хабарлады. Жергілікті әкімдіктер жол қызметтерін 2017-2020 жылдарға арналған ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келтіруге кірісіп кеткен.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін 260 сервистік объектіні салу, қайта құру немесе жабдықтау жоспарланып отыр.

- Облыс әкімдіктерінде объектілерді ұлттық стандарттарға сай келтіретін аймақтық жұмыс топтары жұмыс істейді. Олардың құрамына облыс әкімдіктері, «Атамекен» ҰКП, «Даму» қоры, дергілікті қоғамдық кеңестер және кәсіпкерлер кіреді, - деп айтып өтті «Қазавтожол» АҚ басқарма басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, 31 нысанды - оның ішінде: Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс және өзге де жолдарды қайта құру жұмыстарын - республикалық бюджет қаражатының қаржыландыру көзделуде. 229 нысанды салу, қайта құру немесе кешенді құырылымдарды жасақтау жұмыстарына желілік бизнес құрылымдарын, соның ішінде шағын және орта бизнес пен мүдделі инвесторларды тарту қажет екендігін де айтты.

Спикер, сонымен қатар, еліміздегі маңызды мәселелердің біріне тоқталып өтті. Оның мәліметінше, Қазақстанның жолдарында ыңғайлы әрі жайлы дәретханалар пайда болады екен.

Бетоннан жасалған дәретханалардың орнында ыңғайлы әрі жылы санузл бөлмелері салынбақ.

- Қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін және туризмді дамыту мақсатында бүгінгі таңда KazWay сервисінің жылы әрі ыңғайлы 66 модульдік павильондарын орналастырып, 2025 жылға дейін суық бетонды дәретханаларды ауыстыру қажет, - деді Темірхан Меңдібаев.Сонымен қатар, Астана-Щучинск автожолының суқойма бөлімінде 47 ескі дәретханалрдың бұзылғанын айтты.

Тағы бір айта кететін жайт, елде басталған цифрландыру үдерісі контекстінде Transpark, Google Maps және Yandex Maps карталарына жалпыға қол жетімді болу үшін жол қызметі объектілерін қосу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл ұйым жол қызметі нысандарының орналасқан жері және ұсынылатын қызметтер тізімі туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен бөлісу қызметтерін әзірлеуде.

Айта кетейік, Қарағанды-Балқаш трассасының 363 шақырымын Эксимбанк (ҚХР) қаржыландырмақ.

– Бүгінгі күні осы учаскеде келісімшарттар бойынша келіссөздер жүргізілуде, сонымен қатар уақытша және тұрақты бөлуге жер учаскелерін алу үшін рәсімдер жүргізілуде, - деп атап өтті «Қазавтожол» АҚ басқарма басшысының орынбасары.

Белгілі болғандай, Қазақстандағы республикалық маңызы бар бағыттар ақылы болмақ.Республикалық маңызы бар автожолдардың 27 пайызын құрайтын 24100 шақырымы немесе жалпы ұзындығы 6,5 мың шақырымды құрайтын болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар