Қазақстандық YouTube-та казино мен брендті жарнамалауға тыйым салынған

/uploads/thumbnail/20181019172935810_small.jpg

Қазпошта әрқашан жаңа идеяларды қолдап, жүзеге асыруға дайын. Бұл туралы Астана қаласында Қазпошта АҚ-ның ұйымдастыруымен өткізілген  Google meet up-та Kazpost IT-бөлімінің атқарушы директоры Бахтияр Мұхаметқалиев мәлімдеді. 

Meet up-та Google компаниясының мамандары қатысушыларға жобалармен тиімді жұмыс істеуі және қызметкерлердің жеке өсуі үшін Google құралдарын дұрыс пайдалану жайында қызықты мәліметтерімен бөлісті.

Google компаниясының өкілі Евгений Ганчитс шараға қатысушыларға гугл іздеу жүйесінің қыр-сырымен таныстырып, айтып берді.

Евгений Ганчитс бұл жайында өз тәжірибесіндегі сәтті жарнама арқылы интернеттегі қалың жұртшылықтың назарын қалай аудару керектігін айтып, жол көрсетті.

«Сіздің ісіңіз туралы хабарландыру қызықты болуы керек, бұл дүкендегі сөрелер секілді адам көзін тартады, яғни алғашқы әсер қалыптастырады. Егер сіз елеулі кәсіпкер болсаңыз, жарнамалық мәтін өте сапалы болуы маңызды рөл атқарады. Пайдаланушылар сіздің сайтыңызға неге кіргенін және ол жерден өзіне не алатынын бірден білетіндей болу керек. Түйінді сөздер айтыңыз, бос уәде бермеңіз ол сізге деген сенімділікті арттырады», – деп спикер біраз пайдалы ақпараттар ұсынды.

Meet up-ты digital-агенттікті дамытумен айналысатын Асия Мамбеталиева Google-ға тиесілі YouTube қызметі жөнінде айтып берді. Басты назарды жарнамалық бейнероликтерде болды. 

«Орташа есеппен алғанда көрермен смартфоннан бейне көру үшін күніне бір сағаттан астам уақыт өткізеді. Бүгінде біз сапалы контентті қалаймыз – бұл өз кезегінде жарнама берушілерді шақыру. YouTube-та бейне жарнамалардың көп түрлері бар. Бірақ ең жаңалары төменгі жағында көрініп тұрады», – деді Әсия Мәмбеталиева.

♦Телефонның зиянды тұстарынан қорғануды білесіз бе?

Ол сондай-ақ, қазақстандық YouTube-та казино мен брендті жарнамалауға тыйым салынғанын да ескертіп өтті.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар