Қазақстанда демографиялық ахуал жақсару үшін барлық жағдай жасалып жатыр

/uploads/thumbnail/20181023185914096_small.jpg

Елімізде де 2010-2018 жылдар аралығында демографиялық жағдай жақсарды. Қазақстандықтар оны әр сәт сайын анық сезінуде.

Демографиялық дүмпу мен санасындағы рухани жаңғыру арқылы ғана қазақ халқы кемелденіп келеді. «Демография мәселесін қарастыратын болсақ, сана сезіміз,  ана тіліміз тұғырына қонады» деген сөздің жаны бар.

«Сарапшылар келтірген болжам бойынша нақты жағдайларға байланысты Қазақстанның демографиялық жағдайы жақсарғанның үстіне жақсара береді. Біздің 2031 жылға қарай болжамымыз қажетті жәйттерді ескере отырып, іске асады. Ең алдымен, соңғы 15 жылда Қазақстандағы елдің өсу қарқыны жаман емес. Қазақстандық халықтың жылдық өсімі орташа есеппен алсақ, 1,2 пайыз болды. Оған еліміздегі жалпы халықтың табиғи өсімі әсер етті. Бұл дегеніміз 2001 жылмен салыстырып көрсек, соңғы уақыттары 3 есеге дейін санымыз артуы болады. Екінші мәселе, Қазақстан өңірлеріндегі тұрғындар санының өсу қарқыны әр өңірде әр қилы. Мәселен, Астана басқа өңірлермен салыстырғанда ең жоғары өсімді көрсетіп отыр. Маңғыстауда да жақсы өзгерістер бар. Астана мен Маңғыстауда 15 жылда тұрғындардың саны 2 еседен де жақсы нәтижені көрсетіп отыр», – дейді Жұмыспен қамту саласындағы ұлттық сарапшы Жақсыбек Күлекеев.

Сонымен бірге, ол еліміздің оңтүстік жақтарында да халықтық өсу көрсеткіші көңіл көншітетінін айта кету керек.

«Барлық себеп салдарды ескеріп, 2030 жылы қазақстандықтардың саны 20 млн 560 мыңға жетуі әбден мүмкін. Бұл жағынан Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында осы кезеңдерде де халық санының азаюы жалғаса беретінін көріп келеміз. Шымкент, Астанада 2030 жылға дейін қала  тұрғындарының қарқынды өседі. Маңғыстау мен Атырау өңірлерінде де тұрғындардың саны артады, жоғары деңгейде болатын болады. Қазақстанның кейбір аймақтарында, оның ішінде Ресей Федерациясымен  шекаралас өңірлерде тұрғындардың өсуі ойдағыдай емес. Бұл әсіресе Солтүстік Қазақстан облысына тән болып отырғанын айта кету керек, - деді алдағы 12 жылда болжам жасаған сарапшы Жақсыбек Күлекеев.

Шынымен де егер осы қарқынмен өсе беретін болсақ, ел Президенті айтқанды алдымыздағы 2, 3 жылда халықтың санын көбейту туралы мақсатты орындауымыз тиіс. Ол межеге жету үшін жағдайымыз жақсара түсіп, тұрмыстық әл-ауқатымыз түзеліп, жас адамдардың арасында ажырасу жағдайлары барынша азайып, ал еліміздің болашағы, яғни сәбилеріміздің саны өсу керек.

Қазақстанда демографиялық жағдай жақсарып, халықтың санын өсіру үшін түрлі бағдарламалар қабылданып жатыр. Оның ішінде шетелде тарыдай шашылып жүрген этникалық қазақтарды елге қайтару да көзделген. Ол үшін этникалық қазақтарға барлық жағдай жасалынып жатыр. Мәселен, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналасу, жастардың Қазақстанның жоғары оқу орнына грантқа түсуі үшін жеңілдіктер жасау, студенттерді жатақханамен қаматамасыз ету мен құжаттарды рәсімдеуде жеңілдік жасау жағына дейін қарастырылған. Алысқа бармай-ақ Қазақстанда, тарихи отанындағы жоғары оқу орнында оқып жатқан студенттердің тіркеуін алсақ та болады. Әдетте Қазақстанда тұрақты тіркеуді ұзарту 60 мың теңге көлемінде тұрады, алайда этникалық қазақтар үшін бұл тегін, яғни студент этникалық қазақ деп көрсетілген жеке куәлігін көші-қон полициясы апарып көрсетсе болды алпыс мың теңге сұратылмай, тұрақты тіркеу тегін ұзартылып беріледі. Мұның барлығы этникалық қазақтардың Қазақстанда өмір сүруін, оқуын, жұмыс жасауанда ешқандай кедергі болмай, еркін өмір сүруі үшін жасалынып жатқан жағдай. Мұның барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұстанып отырған демография мен көші қонға қатысты ұстанып отырған саясатының арқасы екені жасырын емес. Сол көреген саясаттың арқасында шетте жүрген қанша қазақ тарихи отанына оралып, ел игілігі үшін талмай еңбек етіп жатыр, қандас бауырларымен қайта қауышып, туған жердің топырағын иіскеу мүмкіндігіне ие болды.

Бұдан бөлек көп балалы отбасыларға көмектесу, қаржылық қолдау білдіру, көп балалы аналарға моральдық тұрғыдан да қолдау, оларға сый-құрмет көрсету арқылы қоғамда көп балалы аналар мен отбасылардың мерейін үстем қылу. Жас буын соларға қарап, үлгі алып, келешекте олар да көп балалы ана болу, бір, екі баламен шектелмей көп баланы тәрбиелеу, жетілдіру арқылы Қазақстан халқының дамуына үлес қосуды мақсат етіп қою.

Қазақстанның халық саны жақында ғана он сегіз миллионға жетті. 2020 жылы 20 миллионға жетеміз деген мақсаттың ауылы да алыс емес. Осы қарқынмен жүре берер болсақ кең байтақ Қазақстанның түкпір түкпірінде Қазақстан халқының саны арта береді.

Қазақстанның көршілес халық Өзбекстанның демографиялық ахуалына бір сәт көз жүгіртіп өтейік. Әдетте Қазақстанда белгілі бір бағдарламаны қабылдамас бұрын шетелдің озық тәжірибелерін зерттеп, оны елімізге негіздеп, соған сай қылып жасайды. Көршілес өзбек халқының демографиялық ахуалы күшейіп келеді. Көрші халықтың саны былтыр тағы да күрт өсіп, 32 миллион 635 мың адамға жеткен. Бір-ақ жылдың ішінде Өзбекстанда халық саны жарты миллионға өскен. Өзбектің демографиялық ахуалы керемет. Бұл, әрине, өзбектер үшін өте қуанарлық жәйт. Демографиялық дүмпудің нәтижесінде ғана бірыңғай ұлттың болмысы қалыптасатыны жасырын емес. Біріншіден, өзбек ұлтының басым болуына орай Өзбекстанда көбінде өзбек тілінде сөйлейді. Ел билігі де бірыңғай ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға барлық жағдайды қарастырып, нақты саясатты ұстанады. Бұл – екі. Қазіргі таңда көрші елде қала тұрғындарының саны 16 млн 533,9 мың адамға жетті (50,6%). Ал ауыл тұрғындары 16 млн 120 мың адам (49,4%). Қалай десек те, Өзбекстан мемлекетінде көпбалалы отбасылардың саны көбейіп келеді. Елдегі мұндай жағдай ең алдымен бір тілдік мемлекеттік саясатты ұстануға көмегін тигізеді. Сол себепті өзбек елінде тілдік мәселе жоқ десе де болады. Шынымен де мақалада өзбек халқының демографиялық дүмпуі  елдік саясатты нәтижелі жүргізуге себепкер екені жайдан-жай айтылмады.

Қазақстанның да демографиялық ахуалы жылдан жылға көтеріліп, жағдайы жақсарып келеді. Егер өткеніміздегі соғыс, ашаршылық секілді тарихтағы қиындықтар болмағанда, Қазақстан халқының саны едәуір көп болушы еді.

Әрине қазақтардың санының азайғанына неше түрлі әлеуметтік, тарихи, саяси себеп салдары бар. Тарихқа көз жүгіртсек, бірнеше зұлмат-зобалаң жылдар басымыздан өткердік. Бұл тұрғыдан алып қарасақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасы мақаласы ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлтымызға адам айтқысыз демо­графиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді», – деген еді. Шынымен де, Кеңес одағы орнаған уақытта қазақтардың демографиялық ахуалы жоғары екендігі тарихтан белгілі. Сол кезде қазақ ұлты Орталық Азияда басқа ұлттардың ішінде саны жағынан алып қарасақ көп еді. Атақты демограф, марқұм Мақаш Тәтімов зерттеген мәліметтерге сай, аштықтың әсері болу керек қазақ халқы саны жағынан жартысына жуығынан айырылған.

Аштыққа ұшыраған халықтың көбі мерт болды. Енді бір бөлігі көрші елдерге қашып кетті, босқын болды. Мәселен, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай, Қытай халық республикасы мен Моңғолияға қарай асып кетті. Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстанның халқының бір бөлігі Өзбекстан, Ауғанстан, Иранға көшті. Жамбыл облысының тұрғындары Қырғызстанға кетсе, Маңғыстаулықтар Түркіменстан және Өзбекстанға ауды.

Сонымен бірге, 1941-1945 жылдары болған екінші дүниежүзілік соғыста 2 миллионнан аса қазақтың 350-400 мыңы соғыста қазақ тапты. Демографтың пікірінше, егер осындай зұламат соғыс, аштық болмаған жағдайда, қазақ ұлтының саны осы уақытқа дейін 32-35 миллионға жетуі мүмкін еді. Өкінішке қарай, олай болмады. Дегенмен, шүкіршілік айту керек. Қазіргі таңда қазақ ұлтының саны күн сайын өсіп келеді.

Атақты ғалым Мекемтас Мырзахметовтың «Жалын» журналында жарияланған «Халық санағы: өсу мен өшу» атты жазбасында көптеген деректер жазған, «Қазақстан тарихына көз жүгіртсек, 1897 мен 2009 жылдар арасында 11 мәрте халық санағы өткізілген. Оның бастапқыда екеуі (1897, 1911 ж.) патшалы Ресей кезінде, бодандық уақытында Ресей империясының мүддесі ғана қарастырылған. 1897 және 1911 жылдары қазақ ұлты арасында Ресей өткізген халық санағында әр жанұяда 5 адам болады дегенді негізге алып отырған. Алайда 1897 жыл жүргізілген халық санағында қазақ халқы жайлаған ұлан-байтақ жерлер тұтас қамтылмады. Әрине, шекараның арғы жағындағы Қытай, Моңғолияда тұратын қазақтар есепке алынбаған. Осының өзінде Ресей Федерациясы қазақтарының саны – 3 млн 787 адам деп жазылса да, 1911 жылғы санақта – 4 млн 692 қазақ болған. Он бес жылда қазақтардың саны 905 000 адамға артқан.

1916 жылы 6 миллион болған қазақ ұлты өсіп, өнудің орнына 1940 жылы 1 млн 900 мың адам мерт болды, 3 есеге азайып кеткен. Мұндай уақытта  көрші елдер Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан мен ұйғырлар 5 есеге көбейген, ал өзбектердің 12 есеге дейін артып, өрлеп отырған. Бұл ұлттардың барлығы бір саяси жүйе мен бір ел ішінде өмір сүріп келеді. Дегенмен қазақ халқы Қазақстаннан ерекше өсудің орнына халық саны азайып кеткен, құлдырап кеткен».

Алайда соңғы он жылда қазақ халқының өсімі артуда. Мемлекет президенті жыл сайынғы Қазақстан халыққа арнаған Жолдауында 2020 жылы Қазақстан халқының санын 20 миллионға жеткізу туралы айтылған еді.

Елбасы айтқандай, барлық үміт – алда. Болашағымызға кемел көзқараспен қарауымыз қажет. Алайда алдағы 12 жылда қазақтың демографиялық ахуалы қалай болады? 20 миллионға халық саны жете ме? Бұл ұлт алдындағы өте өзекті проблема. Бұл тұрғысынан мамандар не дейді соған құлақ асып көрелік. Кейбір сарапшылардың болжамына сай, жақын арада қалада тұратын қазақтардың саны артады. Қуанарлық жағдай.

Әрине, демографиялық өсім өз бетінше орындалмайды. Бір айта кететін жағдай, еліміз ішкі миграциялық жағдайларды түзеп, жөндеп отыр. Қазақстан Республикасының оңтүстік аймақтарында тұрғындардың саны күрт өсуіне байланысты оңтүстік өңір тұрғындарын солтүстікке көшіру мәселесі де қарастырылып, жүзеге асып жатыр. Бірінші жағдай, солтүстік жақтан адамдар жақсы жұмыс орны табылса, одан кейін ғана оның саяси мәні де бар болады.

«Қазіргі таңда мамандар оңтүстік аймақ халқы 2050 жылы 5 миллионға жетеді деп отыр. Осыған орай үкіметтегілер қазақстандық азаматтарды солтүстікке қоныстануға ынталы ету үшін түрлі іс-шаралар жасап жатыр. Олар Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасының аясында іске асады, –деді Еңбек және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов.

Осыған орай үкімет қазіргі таңдағы еңбек ресурстары аз аймақтарды айқындауда. Атап өтер болсақ  Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қостанай.

«Егер өз азаматтарымыз осы аудандарға қоныс аударып жатқан жағдайда, Жұмыспен қамту жол картасы аясында, оларды нақты әлеуметтік пакеттер қарастырылмақ. Ең алдымен, олардың өздеріне таңсық жерге көшкеніне орай отағасына 50 АЕК көлемінде, жанұяның әр мүшесіне 35 АЕК есебінде жол шығыны өтеледі. Қаржылық жағдайды ескеріп, санақ жүргізсек  отбасына 106 мың теңге, ал отбасының әрбір мүшесіне 74 мың теңге келеді. Отбасы бес адамнан тұратын болса, отағасы, отанасы, үш бала болса, оларға қоныс аударуға орташа есеппен 402 мың теңге мемлекеттік көмек беріледі, –дейді Нұрымбетов.

Сонымен бірге, қоныс аударған отбасы үйді жалдап, жатақханадағы бөлмеге орналастырылады. Сонымен қатар, керекті болған жағдайда шағын шаруашылығын дамытуға кредит беріледі. Бұл дегеніміз қоныс аударған отбасылар жол картасының арқасында 5 миллион теңгеге дейін микронесие ала алады.

«Алғашқы алты айда 672 адам, яғни 320 отбасы басқа аймақтарда жұмысқа орналасу үшін көшкен. Ол адамдардың 424-і еңбекке жарамды адамдар. Сонымен бірге, олардың жартысынан көбі немесе 320-ы жұмысқа орналастырылды. Оларға үй беріліп, жол шығыны өтеледі, – дейді вице-министр  Нұрымбетов.

Яғни, Қазақстан Президенті тапсырмасымен қазіргі таңда демографиялық өсімге жағдай жасалып, миграциялық мәселелер реттеліп отыр.

Демографиялық өсім бар. Еліміз ішкі миграциялық жағдайларды түзеп, жөндеп отыр. Қазақстан Республикасының оңтүстік аймақтарында тұрғындардың саны күрт өсуіне байланысты оңтүстік өңір тұрғындарын солтүстікке көшіру мәселесі де қарастырылып, жүзеге асып жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар