Шекарада 70 құндыз ішікпен қолға түсті

/uploads/thumbnail/20181024094835091_small.jpg

Күздің қара суығы алқымнан ала бастағалы бері «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында маусымдық тауарларға деген сұраныстың көптігі күннен-күнге арта түсуде. Оған Қытай мен екі ортада күнделікті сауда-саттық мақсатымен қатынайтын адамдардың саны да төрт мыңнан асып жығылатыны дәлел. Осы орайда, ары-бері сапырылысып жақтан жолаушылар контингентінің ішінде  небір теріс пиғылды пенделер де аз емес. Олар кедендік тексеру кезінде тауарларды жасырып өтудің небір  әдістерін қолдануға тырысады. Себебі, қымбат бағалы киімдердің кедендік баж салығының тарифі жоғары болғандықтан, кеден заңына бағыну ондай адамдарға онша тиімді емес. Сондықтан да қулықтың қырық қалтарысын қолданудың небір әдістерін ойластырады. Осындай қысылтаяң сәттерде бірлесе әс-әрекет ету шаралары ғана тиімді нәтиже беретіні сөзсіз.

құндыз

22 қазан күні кезекті кедендік тексеру кезінде теріс пиғылды контрабандистердің жымысқы әрекеті кеденшілердің назарынан тыс қалмады. Кеденшілер мен шекара қызметі және «Қорғас» полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып әрекет етудің нәтижесінде 70 дана қымбат бағалы терілерден (негізінен құндыз) тігілген сырт киімдер ұсталды. Бұл жөнінде qamshy.kz ақпарат агенттігіне Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті «Алтынкөл» кеден бекетінің баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

Қазіргі уақытта ұсталған тауарлардың кедендік құнын анықтау және аталмыш тауарларға қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тарту мәселелері қолға алынуда.

Еркін ҚАЛДАН

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар