Өзбекстанда өткен көрмеде Қазақстанның ұлттық стенді жоғары бағаланды

/uploads/thumbnail/20181025163329091_small.jpg

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Ташкент қаласында "Сауда мен инвестицияны дамытудағы жаңа көкжиектер" ұранымен өткен 8 Орталық-азиялық сауда форумына қатысты.

Форум аясында көлік, туризм, ақпараттық технологиялар, жабдық, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру және қайта өңдеу және тағы басқаларын қоса алғанда, аймақтың түрлі салаларын көрсететін орталық-азиялық өңір компанияларының қатысуымен сауда көрмесі болып өтті.

Бүкіл өңір бойынша көлік, туризм, ақпараттық технологиялар, жабдық, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру және қайта өңдеу және басқаларын қоса алғанда, түрлі секторлардан 100-ден астам кәсіпорындар өз өнімдері мен қызметтерін ұсынды.

Сауда көрмесінде Қазақстан бірыңғай Ұлттық стендпен ұсынылып, оған құрылыс, машина жасау секторындағы, кабель-өткізгіш өнімдері, металлургия, агроөнеркәсіп секторы, халықтық тұтыну тауарлары, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнімдері, сондай–ақ медициналық бағыттағы заттар секторларындағы 29 қазақстандық тауар өндірушілер қатысты.

Көрменің негізгі мақсаты тікелей байланыстарды реттеу, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасындағы сауда-саттық қатынастарын белсендіру және бизнес топтардың екіжақты кездесулерін ұйымдастыру болып табылады.

Көрменің кезінде қазақстандық өндірушілерге олардың өнімдеріне қызығушылық танытқан тараптардан ұсыныстар түсе бастады, бұл болашақта өндірісті дамытуға және өзара тиімді ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның Ұлттық стендін көруге Форумды ұйымдастырушылардың өкілдері - Орталық Азиядағы USAID миссиясының өңірлік директоры Кристофер Эдвардс, Қазақстандағы АҚШ Бас консулы Эрик Майер, Өзбекстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің істері жөніндегі уақытша сенімгері Алан Мельтцер, сондай–ақ Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Нодир Отажанов келді.

Форумды ұйымдастырушылар Қазақстан ұсынған стендтердің жоғары сапасын, көрнекілігін және ақпараттық сыйымдылығын бағалады. Компаниялар заманауи стандарттарға жауап беретін жоғары сапалы өнім өндіретін сенімді бизнес-серіктестер ретінде казақстандық өндірушілердің имиджін одан әрі нығайтуға өз үлестерін қоса алды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар