19 қазанда генерал С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің жеке құрамымен «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Астана қаласы мәжілісінің депутаты Шекенов Мирас Ерғалиұлы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Елбасының жолдауы бойынша кездесуі өтті.
Кездесуді мектеп бастығы әділет полковнигі Басхожаев Тлеухан Қалилаұлы ашып, жеке құрамға Қазақстан халқының жыл сайын Елбасы Жолдауын тағатсыздана күтетіндігін, осы маңызды құжатта аса қажетті тапсырмалар, тың бастамалар, бір сөзбен айтқанда, болашаққа нақты бағдар жасалатындығын айта келіп, кездесудің мақсатын түсіндіріп өтті. Сонымен бірге мектеп бастығы, бүгінгі күні еліміздің барлық өңірінде Жолдаудың басты басымдық бағыттарын түсіндіру бойынша жұмыстар атқарылып жатқандығын, соның бір дәлелі бүгін біздің мектебімізде Елбасы жолдауын түсіндіру мақсатында «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Астана қаласы мәжілісінің депутаты Шекенов Мирас Ерғалиұлын арнайы шақырып отырғандығын айтып, сөз кезегі берілді.
Мирас Ерғалиұлы кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басым бағыттарын іске асыру жолдарын жан жақты әңгімелеп, яғни жолдаудағы барлық міндет мемлекеттің келешектегі дамуына, халықтың әл ауқатының өсуіне арналғандығын айтып өтті. Депутат әсіресе білім саласына баса назар аудара отырып, 2019 жыл Жастар жылы болып аталуы, жастардың келешегіне, білім алып, дамуы, белсенді еңбектенуіне көп септігін тигізетіндігін атап көрсетті.
Ертеңгі кәсіби маман, бүгінгі мектеп оқушысы екендігі баршамызға мәлім. Олай болса Елбасшының «Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс» деген сөзі білім саласындағы қызметкерлерге үлкен міндеттер жүктейді.
Елімізде сапалы білім берудің ауқымды жобасын жүзеге асырушылардың ішінде біздің мектебіміз де бар. Ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға дайындайтын еліміздің Қарулы Күштерінің бөлімінің бірі, «Жас ұлан» республикалық мектебі олай болса, мектепте өз Отанының дамуы жолында аянбай тер төгетін, “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын” деген қарапайым ойды меңгерген ұландар яғни жастар тәрбиеленіп жатқанына сеніміз мол.
Осындай сеніммен қорытындыланған кездесу соңында «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Астана қаласы мәжілісінің депутаты Шекенов Мирас Ерғалиұлы мектеп жеке құрамымен естелікке суретке түсті.