Сахле-Ворк Зевде Эфиопияның тұңғыш әйел президенті атанды. Сахле-Ворк Зевде БҰҰ-да ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған тәжірибелі дипломат.
"Патриархалды қоғамда яғни біздің қоғамда мемлекеттің тізгінен әйел адамның қолына табыстауы келешектің қалыпты жағдайына жол салады, сонымен қатар қыз-келіншектерді қоғамдық өмірде өз шешімін қалыптастыратын жандар ретінде сипаттайды",- деп мәлімдеме жасады Эфиопияның премьер-министрі.
Сайлау нәтижесінен кейін сөз алған Зевде этникалық жанжал ушығып тұрған сәтте барлық тарапты біріктіре отырып, ел ішіндегі татулықты, береке мен бірлікті жандандыру үшін күш-жігер салатынын айтты.
Пікір қалдыру