Қасымов семіз полицейлерді жұмыстан қумақ

/uploads/thumbnail/20181027124139390_small.jpg

ҚР ІІМ Қалмұхамет Қасымов полицейлерге қойылатын талаптарды өзгертпек. Алдағы уақытта семіріп кеткен полиция қызметкерлерін көрмеуіміз әбден мүмкін деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Себебі ҚР Ішкі істер министрі семіре бастаған полицейлерден жұмыстан кетуді сұрайды.

«Біз полиция қызметкерлерінің формасын тым ресми болғандықтан ғана ауыстырамыз. Соңғы рет 2001 жылы форманы ауыстырдық. Бізде де ортақ талаптар бар. Полицейлер физикалық дайындықтан өтеді. Семіре бастаған полиция қызметкерлері жұмыстан кетеді. Біз қазір киімді ғана емес, жұмыс барысын, құрылымын өзгертіп, фронт кеңселер салып жатырмыз. Бірақ сіздер тек киімге тіреліп қалған секілдісіздер. Форманы әлі ешкімге көрсетпедік. Ол әлі тігіліп жатыр», деді министр.

Сонымен бірге министр полиция қызметкерлері біраз уақыттан бері форманы ауыстыру туралы өтініш айтып келген.

Қасымовтың семірген полиция қызметкерлерін жұмыстан босатуы туралы мәлімдемесін қос қолдап қолдауға болады. Сонымен бірге министрліктің формасымен бірге қызмет көрсету сапасы да өзгерсе нұр үстіне нұр болар еді. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар