Ауылдарды дамыту: Нұртай Сабильянов Қызылорда облысының ауылдарын аралады

/uploads/thumbnail/20181029120540370_small.jpg

Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері ауыл-ауылды аралап, халықтың жағдайымен танысуды әдетке айналдырған. Бұл жолы депутаттар Қызылорда облысына барды. Іссапарды Парламент Мәжілісінің депутаттары бастап, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов әрі Қазақстан халқы Ассамблеясынан депутат Н. Жұмаділдаевтар қостады.

Депутаттар Қызылорда облысындағы бірнеше ауылдар мен кенттерді аралады. Ақсуат, Ақжарма, Ақжар, Тұрмағамбет, Нағи Ілиясов ауылдары мен Тасбөгет, Жосалы, Жалағаш кенттеріндегі тұрғындарымен кездесіп қайтты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланған. Осы Жолдаудың негізгі міндеттерін жүзеге асыру барысында депутаттар ауыл-ауылды аралап, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартып, Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуге тырысып бағуда. Елбасының мұндай Жолдауына қатысты облыс тұрғындары қолдап, да оң пікірлер айтып жатты. Облыстарды газдандыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті дамыту, білім берудегі мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды, оңтайлы шешілуін сұрады.

Бұдан бөлек депутат Нұртай Сабильянов сайлаушыларға Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығарудағы қызметі туралы таныстырды. Әрі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелердің барлығы назарға алынғанын мәлімдеді.

Нұртай Сабильянов сапары барысында Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылының күрішшілерімен кездесті, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандармен танысты. Қызылорда қаласындағы «Абзал и К» серіктестігінің күріш өңдеу зауытының жұмысымен де танысты.

Депутат ауылдардағы денсаулық сақтау саласын да назардан тыс қалдырған жоқ. Қызылорда қалалық ауруханасы мен №3 қалалық емханасының қызметкерлерімен кездесіп, медицинаның әл-ауқатымен танысты.

Осылайша «Нұр Отан» партиясының депутаттары Елбасының Жолдауындағы ең өзектілерінің бірі ауылдық өңірлерді дамыту мәселесіне білек сыбана кірісті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар