Қытайға біздің майымыз бен балығымыз керек

/uploads/thumbnail/20181029121940406_small.jpg

Қазақстанның Қытайдағы сауда-экономикалық миссиясы Сиань қаласында өткен жыл сайынғы VII Халықаралық сатып алу көрмесінің бір бөлігіне айналды, деп хабарлайды Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметі.

Қытай

Қытайлық компаниялар ауылшаруашылық өнімдерінің импортына, қазақстандық май мен балыққа қызығушылық танытуда. Себебі, Аспан асты еліне ұн өндірушілерді қоса алғанда, дәл осы тамақ өнімдерімен айналысатын компаниялар барған болатын. Қытайлық тараптан 30-дан астам компаниялар қатысты.

Қытай

Сауда-экономикалық миссиясын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Қытайдың Халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитеті ұйымдастырды.
Іс-шара барысында екі елдің бизнес-қауымдастықтары инвестиция, логистика және сауда салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі зор мәселелерін талқылады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар