"Комсомолдың жыры" Парламентке де жетті: Перуашев-Божко дуэлі

/uploads/thumbnail/20181031100819552_small.jpg

"Комсомолдың жыры" Парламентке де жетті. Мәжілістің бүгінгі отырысын вице-спикер Владимир Божко дәл сол "жас лениншілердің" туған күнімен құттықтаумен бастады. Және де өзін өзге әріптестері өре түрегеліп қолдайтынына сенімді еді. Олай болмады. Бірді-екілі қолдағандар болды, әрине. "Ақ жолдық" Азат Перуашев Божконың бұлай бұра тартуына жол бермеді. Вице-спикердің тәуелсіз Қазақстанда тұратынын есіне салып, "республикада мұндай мереке жоқ" деп шарт кетті. Комсомолшыл Божкоға түсінікті тілде айтқан Перуашевтің пікірін сол қалпында жариялап отырмыз (орысшадан қазақшаға аудардық-ред.). 
"- Сіз екеуміз Парламент Мәжілісінің ресми отырысында отырмыз. Владимир Карпович, сіз "бісмілләні" комсомолдар мерекесімен әріптестеріңізді құттықтаудан бастадыңыз.  Сонда қай елде өмір сүріп жатырсыз? Есіңізден шығып кетсе, айтайын, егеменді Қазақстанның тұрғынысыз. Біздің елде ондай мереке атымен жоқ. Сондықтан да құттықтаудың еш қажеттілігі жоқ. Біреу үшін жекеменшік мереке болса, бір-біріңізді жұмыстан тыс уақытта, басқа жерде құттықтаңыздар",-деді Азат Перуашев.

Арман Сқабылұлы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар