«English for Jastar» жобасы аясында шет елден еріктілер келіп, балаларға ағылшын тілін үйретеді

/uploads/thumbnail/20181029174433093_small.jpg

Гарвард және Нью-Йорктен келген еріктілер қарағандылық балаларға ағылшын тілін үйретеді. Бұл «Нұр Отан» партиясының бастамасымен құрылған «English for Jastar» жобасына сәйкес жүзеге аспақ. Бүгінде жоба еліміздің әр аймағында аса танымалдылыққа ие болды.

Балаларға ағылшын тілін үйретіп жүрген Гарвардтан келген ерікті Кеннет Палмер мен Нью-Йорктен келген Мириам Гринфилд қазақстандықтардың білімге деген құштарлығы жоғары екендігін айтады. Қазіргі таңда мамандар Оскаров және Нұра аудандарының жастарына аеылшын тілін үйретуде. Жалпы облыс бойынша жобаға барлығы 12 ерікті атсалысты.

English for Jastar

Қыркүйекте «Нұр Отан» партиясының балалардың білім деңгейін ерекше ден қойғаны әрі осы орайда арнайы жобаның іске қосылатыны турасында хабарланған. Бүгінде 84 ауылдық аймақтар мен Қазақстанның аудан орталықтарында «English for Jastar» жобасының шеңберінде 9-11 сынып оқушылары ағылшын тілін тегін үйрене алады. Жоба Мемлекет басшысының үштліділікті енгізу жөніндегі тапсырмасын қолдау мақсатында дайындалды. Жоба аясында оқушылар ағылшын тілінде еркін сөйлеп, қарым-қатынас машығы да дамитын болады.

English for Jastar

«English for Jastar» 2018 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін жалғасады. Пилоттық режимде өткізіледі.

♦«English for Jastar» - «Нұр Отанның» жаңа жобасы бастау алды

Оқушыларға тілді іріктелген отандық мамандар өткізетін болады. Оларды іріктейтін «Жас Отан» жастар қанаты. Елімізде үштілділікті дамытуға ниет білдіргендердің саны күн санап артып келеді. Бүгінде 141-ге жетіп қалды. Олардың 75-і Қазақстанда жоғары білім алып жатқан студенттер.

Сондай студенттердің бірі Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің 4 курс студенті Мирас Өзбеков. Ол енді өзінің «Зеленый бор» ауылында ұстаз болу мүмкіндіген ие болды.

Мақсаты – ауылындағы балалардың білімді болып өсуіне үлес қосу.

«Ауылдағы балаларға ағылшын тілін үйрете отырып, мен өзімнің білім деңгейімді арттырамын деп үміттенемін. Бұл жоба мен үшін таптырмас тәжірибе болайын деп тұр», - деді Мирас.

Партия хатшысы Тамара Дүйсенованың айтуынша, мұндай факультативтерле оқушылар мектепке қарағанда анағұрлым тереңірек білім алатын болады. Әрі таяуда шет елден келетін еріктілердің де жобаға араласатынын айтып кеткен.

Енді, міне, жоба өз ағымымен жүріп жатыр. Шетелдік еріктілер келіп, қазақстандық оқушылардың ағылшын тілін жаттықтыруға атсалысуда.

Жоба аясында барлық аудандарға қажетті оқу құралдары жеткізілді. Elementery, Pre-Intermediete. Student`s book, Workbook сынды оқу құралдарымен қатар, ағылшын тіліндегі фильмдердің дискілері де бар.

«Жас Отан» Жастар қанаты мен «Болашақ» қауымдастығы жобаның ұйымдастырушылары болды. Жобаға академиялық көмекті «InterPress» тіл орталығы көрсетті. Олардың Oxford University Press (Англия) баспасының «Solutions» оқулығы бойынша, оқытушылар қосымша тіл сындырады. Сондай-ақ, «AIESEC» халықаралық ұйымы, «Білім беру лидерлігінің орталығы» ЖШС, «Назарбаев Университеті» АҚ, «Qazaq Air» әуекомпаниясы АҚ, «Меломан HOME VIDEO» ЖШС, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «4KZTours» ҚР ішкі туризмді дамыту жөніндегі американдық компаниясы жобаға әріптестік танытты.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар