Бақытжан Сағынтаев: Ауылдардағы шағын несие мөлшері 4 миллион теңгені құрайды

/uploads/thumbnail/20180703121237467_small.jpg

«Бастау Бизнес» бағдарламасының қатысушылары шағын несиені пайдалану құқығына ие болды.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев «Ақ жол» парламент фракциясының сұрағына жауап беруі барысында ауылды аймақтардағы шағын несиеге бөлінген қаржының көлемін атады. Мәжілістің ресми сайтында жарияланғандай, шағын несиенің көлемі 4 миллион теңгені құрайды.

«Бүгінде шағын несиелеу практикасының ауылдық аймақтардағы нақты көлемі 4 миллион теңгені құраса, қалада 10 миллион теңгені құрады. 2017 жылдың қорытындысына сәйкес, шағын несиенің орташа мөлшері 4 миллион теңге болса, 9 айлық мөлшер 4,3 миллион теңгеге жеткен», - деп түсіндірді Бақытжан Сағынтаев.

Осылайша, шағын несиелеуге байланысты туған азды-көпті мәселелер мен «Шағын несиелеудің ауқымын кеңейту» процесіне бөлінген қосымша қаржыны ескерсек, 14 мың адамды қамту үшін шағын несиелеудің лимитін қайта саралау туралы шешім қабылданған.

Осыған байланысты бағдарламаға енгізілген қосымшалар мен өзгерістердің қатарында мыналар бар: үш жылға жуық мемлекеттік тіркеуде тұрған кәсіпкерлердің санын арттыру; шағын несиені алушының жұмыс орындарын құру туралы талабын азайту; ауылшаруашылығын дамыту мақсатында ауылдық аймақтарда шағын несие мөлшерін максималды көрсеткішке жеткізу - 5 мың МРП-дан 8 мың МРП-ға дейін.

Сонымен қатар «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқытатын жобаның сертификатын алғандар, жалпы бағдарламаға қатысқандар шағын несие алатын мүмкіндікке ие болады.

«Бағдарламаны дамыту процесі – күнделікті бақылауда. Оның даму жолы әр отырыста талқыланады», - деді қорытынды сөзінде Бақытжан Сағынтаев.

Елбасының бес әлеуметтік бастамасындағы төртіншісі – шағын несиелерді берудің ауқымын кеңейту жоспарланды. 2018 жылы қосымша 20 млрд теңге бөлу әрі шағын несиелеудің жалпы сомасын 62 млрд теңгеге дейін көбейту қарастырылды. Нәтижесінде бұл бастамаға 14 мың адам қатыса алады, бұл көрсеткіш 2017 жылға қарағанда екі есеге артқан.

Қазіргі уақытта Алматыда өзін-өзі қамтамасыз ететін тұрғындар мен жұмыссыздар арасында кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарды жүргізудің мақсаты – шағын несиелерді беру. Бүгінгі күннің өзінде Жұмыспен қамту орталығына мегаполистің 29128 тұрғыны барған, олардың ішінде 11579-ы жұмыссыздар.

Оның үстіне 2017 жылы өзін-өзі қамтитындар мен Алматыдағы жұмыссыз тұрғындарға шағын несие беру 2017-2021 жылдардағы өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында басталған.

Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дерегіне сүйенсек, былтыр шағын несиелеу үшін 1 006 миллион теіге бөлінген екен, сонымен қатар қосымша 2 015 миллион теңге әрі 43 жобаны іске асыру үшін 662 миллион теңге бөлінген. «Кәсіпкерліктің негіздері» курстарында 265 адам білім алды, олардың 10-ы ғана жеке кәсібін ашты.

Биыл жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететіндер үшін 150 шағын несие беру жоспарланды, осы мақсатта 436,4 мың теңге бөлінді, оның 335,1 мың теңгесі шағын несиелеуге кетсе, 101,3 мың теңгесі шағын несиелерге кепіл беру үшін жұмсалады.

Барлық мерзімді қоса есептегенде 2017-2018 жылдардағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін 148 жоба 2205 миллион теңгеге қаржыланды.

 

Жалпы, 2017 жылы өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы үшін 63 жоба 905 миллион теңгеге қаржыландырылған. Ағымдағы жылы 1,3 миллиард теңге көлеміндегі 85 шағын несие берілді.

«Бағдарламаны жүзеге асыруды бастағалы 2,2 миллиард теңге көлемінде 148 жоба қаржыландырылды. 465 жұмыс орны сақталып, жаңа 155 жұмыс орнын құру жоспарланды», - делінген құжат ведомствосында.

Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, Алматы қаласындағы кәсіпкерлік потенциалдың әлеуеті зор. Статистикаға сүйенсек, қалада 271 794 шағын және орта бизнес тіркелген. Бұл 2017 жылға қарағанда 3,4 пайызға жоғары көрсеткіш. 2018 жылдың соңына дейін тағы 55 жобаны қаржыландыру жоспарда бар.

«Жұмыс келесі жылдары да жалғасатын болады, осылайша жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар белсенді түрде кәсіп ашып, өмірлік деңгейін жақсартуға мол мүмкіндік тумақ», - деп мәлімдеді Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері.

Басқарма дерегінде сүйенсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жұмыстары 2019 жылы да жалғасын табады, жастардың жеке іспен айналысып, кәсіп ашуларына үлкен мүмкіндік жасалады. Шағын несиелеу бағдарламасын 2019 жылы жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 419,7 миллион теңге бөлу жоспарланды, ал қалалық бюджеттен бөлінетін қаржы мөлшері – 1 млрд теңге.

Бұдан бұрын Елбасы халыққа шағын несие беру бағдарламасын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарға ұсынылған ең тиімді жол екенін айтып өткен болатын.

«Биыл қазақстандықтарға берілетін шағын несие сомасын 2017 жылғымен салыстырғанда 20 миллиард теңгеге көбейтуді тапсырамын. Сонда оның жалпы сомасы жылына 62 миллиард теңгені құрайды», - деген Назарбаев кәсіп ашып, өзі ісін бастайтын жастардың саны артатынына сенімді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар