Көлік министрі міндетін кім атқарып жатыр?

/uploads/thumbnail/20250616120646148_big.webp

Көлік министрі Марат Қарабаев қызметінен босатылғаннан кейін, оның міндетін уақытша вице-министр Мақсат Қалиақпаров атқарып жатыр. 

Премьер-министр Олжас Бектенов көлік саласындағы ірі инвестициялық жобалар бойынша кеңес өткізді. Онда Қауіпсіздік Кеңесі отырысында айтылған Президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

"Жиында көлік министрінің міндетін атқарушы Мақсат Қалиақпаров, сондай-ақ "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев баяндама жасады", - делінген хабарламада.

Көлік министрлігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Қалиақпаров 2023 жылғы 6 қазаннан бері вице-министр қызметін атқарып келеді.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар