Атом энергиясы агенттігі Қазақстанда АЭС-тің қауіпсіз жұмыс істеуіне жауапты болатын мемлекеттік органдарды атады.
Ядролық және радиациялық қауіпсіздікке негізгі қадағалауды Атом энергиясы агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті жүзеге асырады. Ол пайдалану процесінде барлық қауіпсіздік талаптарының сақталуын лицензиялау, инспекциялау және бақылауға жауапты.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық нормативтердің сақталуын, соның ішінде шығарындыларды, қалдықтармен жұмыс істеуді және қоршаған ортаға радиациялық әсерді бақылауға алады.
"Өз құзыреті шегінде басқа да мемлекеттік органдар тартылатын болады: өнеркәсіптік қауіпсіздік, су ресурстарын қорғау, санитарлық бақылау, төтенше жағдайлар және басқа бағыттардағы сұрақтар бойынша. Ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық стандарттардың сақталуын бақылауды Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелер аясында МАГАТЭ жүргізеді", – деп хабарлады ведомство.