«Самұрық-Қазына» мен «Бәйтерек» қызметінде ашықтық жоқ – Смайылов

/uploads/thumbnail/20250618111719433_big.webp

Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов мемлекеттік холдингтердің активтерді басқару тиімділігін қатаң сынға алды. Оның айтуынша, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры активтерді ұтымсыз пайдаланып отыр.

Жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру қарқыны күрт төмендеді. 2024 жылы небәрі 14 нысан жекешелендірілген. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Оң нәтиже ретінде республикалық бюджеттен квазимемлекеттік секторды қаржыландыру көлемінің 29%-ға қысқарғанын айтуға болады. Алайда бұл саладағы басқару сапасы әлі де алаңдатарлық деңгейде, — деді Смайылов.

Палата төрағасы квазимемлекеттік сектордағы бірнеше нақты олқылықты да атады.

«Бәйтерек» холдингіне қарасты компаниялар жеңілдікпен берілетін қаржылық ресурстарды түпкілікті алушыларға жеткізуді тым кешіктіріп отыр. Жобаларды іріктеу кезінде ашықтық жоқ. Кей жағдайларда KPI көрсеткіштері орындалмаса да, қолдау көрсетілген. Ал кей жобаларда қарсы міндеттемелер мүлдем қарастырылмаған, — деді ол.

Смайыловтың мәлімдеуінше, «Самұрық-Қазына» қоры жалпы құны 239 млрд теңге болатын тау-кен, металлургия және өнеркәсіп салаларындағы 13 жобаны тоқтатып тастаған. Бұл ұлттық экономиканың стратегиялық секторларына кері әсер етуі мүмкін.

Отырыста Әлихан Смайылов елімізде ірі салық төлеушілерге жүргізілетін мониторингтің жүйесіз екенін де атап өтті. Оның айтуынша, бұл салықтық бақылаудың тиімділігін төмендетіп, бюджет кірісін арттыруға кедергі келтіреді.

Қатысты Мақалалар