Түркия Қазақстанмен әскери ынтымақтастықты арттыруды көздеп отыр (фото)

/uploads/thumbnail/20170708174143050_small.jpg

09 Наурыз. Qamshy.kz - Бүгін Астанаға рсеми іс-сапармен Түркия Республикасы құрлық әскери күштерінің бас қолбасшысы Хулус Акар келді.

Түркия Республикасы құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Хулус Акармен кездесу барысында ҚР Қорғаныс министрлігі бас штабының басшысы, генерал-палковник Сәке Жасұзақов Қазақстан мен Түркия арасындағы достық пен ынтымақтастықтың маңыздылығын айта келе, екі ел арасындағы тарихи, мәдени тамырлардың тереңде жатқанын атап өтті.

Қазақстан мен Түркия Республикасы арасындағы әскер байланыс орнағалы біраз жылдың жүзі болды. Екі елдің жоғары бас қолбасшылары әскери жоғарғы техникаларды тәжірбиеден өткізуде, модернизация және әскери қызметкерлер арасында тәжірбие алмастыру, әскери күштерді біріктіруде бірлесіп шаралар атқарып келеді.

Кездесу барысында екі жақтың өкілдері әскери ынтымақтастықты арттыру мақсатында әскери білім беру, қолбасшылар мен әскери қызметкерлер алмасу, вззод және рота командирлерін тәжірбие жинақтауға жіберу (лейтенант және капитан) мәселелері сөз етілді.

Сондай-ақ, кездесу барысында Түркия Республикасы құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Хулус Акарға "ҚР Қарулы күштеріне 20 жыл" медалі табысталды.

Сонымен қатар, түрік делегациясы 68665 әскери бөлімінде қонақта болып, Қазақстанның қарулы күштері қатарындағы сарбазармен кездесті. Сонан соң, түрік әскери делегациясы Астананың көрікті жерлерін аралап, "Бәйтерек" монументі, "Хазреті Сұлтан" мешіті, және "ҚР Ұлттық мұражайында" т.б. тамашалады.

1428554639_1 1428554657_2 1428554686_3

Нұрзат Тоғжан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар