Қайрат Нұртасты халыққа танымал еткен "Арман" әнін ноғай әншісі өз тілінде бейнебаян түсіріп орындап шықты.
Қайрат Нұртастың әндерінің ішінде алар орны ерекше "Арман" әні жарыққа 2006 жылы шыққан болатын. Бұл ән Қайраттың төлқұжаты деп атасақ та болады. Себебі дәл осы әнмен әнші елге танылып, бүгінде халықтың сүйікті орындаушыларының біріне айналған. Әннің сөзі мен әуенін жазған Бауыржан Есебаев.
Алайда араға 9 жыл салып ноғайдың әншісі Жамбулат Караев бұл әнді айнытпай ноғай тілінде шырқап, әнге бейнебаян түсірген. Бүгінде ән ноғай жерінде дәл Қазақстандағыдай хит әндердің біріне айналған. Тек ән атауында ғана өзгеріс бар. Яғни ән "Арман" емес "Яным" деп аталады.
Бұл орайда Караев "Арман" әнін өз туындысы ретінде орындап жүргенінен Қайраттың хабары бар ма, ол жағы белгісіз.
Бүгінгі таңда әншілер көршілес елдердің әнін өзінікі етіп орындауы жиі көрініс болып кетті.
Естеріңізге сала кетсек, біз осыған дейін де халыққа өзгелердің әніментанымал болған отандық жұлдыздар жайлы айтқан болатынбыз.
Пікір қалдыру