Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі енді депозитті тегін ашуға мүмкіндік береді

/uploads/thumbnail/20170708174141325_small.jpg

Жинақтау шотын ашып, бірден шарттық соманың 10%-ын депозитке салған адамдарға комиссия төлемей-ақ депозит ашуға мүмкіндік беріліп отыр. Ал алғашқы салым ретінде шарттық соманың 5%-ын шотына салған клиенттерге комиссиялық алымға  50% жеңілдік беріледі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметінің айтуынша, 0,55% көлемінде жинақ шартын ашуға алынатын қатардағы комиссиялық алым ұсталынады. Банк ережесі бойынша, ол 500 АЕК-тен аз болмауы тиіс. Бұл – 1 миллионға жуық теңге. Осылайша, қазір банк салымшыларына 2,5 мыңнан 5 мың теңгеге дейін үнем жасауына мүмкіндік туып отыр. ҚТҚЖБ-ның статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, салымшының шотында жинақтауды қалайтын орташа қаражаты – 2,2 миллион теңге. Бұл – депозит ашу кезінде көбірек үнемдеуге болады деген сөз. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Депозит толтыруға бонус» акциясы сәуір айынан басталды. Әлі 4 айға дейін жалғасады. Осы кезең ішінде шарттық соманы көбейткісі келетіндер де осы акцияны пайдалана алады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілдерінің айтуынша, кез келген бөлімде шот ашуыңызға немесе үйіңізге немесе кеңсеңізге штаттан тыс агент-кеңесші шақыруыңызға болады. Депозит ашу үшін тек жеке куәлігіңізді ұмытпасаңыз болғаны. Банк қолайлы тарифтік бағдарламалар ұсынады. Олар жинақтау мерзіміне және жылдық 3,5-тен 9,5%-ға дейінгі пайыздық мөлшерлемелеріне қарай ерекшеленеді.  Сосын, депозиті болса, ҚТҚЖБ салымшылары тиімді талаптармен жылжымайтын мүлік сатып алады немесе «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына қатыса алады. Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ –  «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниясы.

qamshy.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар