Батыс Қазақстан облысында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, Мәдениет министрлігімен бірлесе отырып онлайн-кітапхана аылаын болады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев облыстық мәслихаттың мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті XXІІ есеп-беру сайлау конференциясында мәлімдеді.
Аталмыш конференцияға «Нұр Отан» партиясының хатшысынан бөлек, Саяси кеңестің мүшелері, партия ардагерлері, облыстық маслихаттың депутаттық фракция мүшелері, атқарушы орган басшылары, бастаушы партия ұйымдарының төрағалары мен аудандық филиалдар төрағалары қатысты.
Есеп беру сайлау конференциясында облыс әкімі Алтай Көлгінов сөз бастап, баяндама жасады. Кейін Алтай Көлгінов партияның облыстық филалы төрағасының біріші орынбасары Серік Сүлейменге сөз кезегін берді. Серік Сүлейменов баНдама барысында күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелеімен қатар халықтық ұйымға айналған «Нұр Отан» партиясы баянды бастамаларға қолдау көрсетіп, әрдайым экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы Елбасы саясатын ілгерілетудегі істердің ұйытқысы болып жүргенін атап өтті.

Ол баяндама барысында, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы бойынша партия қатарында 34 128 мүше бар екенін айтты.
«Олар 275 бастауыш партия ұйымына біріктірілген. 3354 мүше партия қатарына қабылданған. Партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша шаралар жоспарға сай жүргізіліп келеді. Есепті кезеңнен бері барлығы 68 комиссия отырысы өткізіліп, онда 122 ұсынба қабылданып, тиісті мемлекеттік органдарға жолданған. Екі бастауыш партия ұйымы республикалық конкурстарының жүлдегері атанған. Атап айтсақ, 2016 жылы «Аксайгазсервис» БПҰ 2-орын алса, 2017 жылы «Батысэнергоресурсы» БПҰ республикалық байқаудың бас жүлдесіне ие болған. – Ағымдағы жылдың 14-15 қарашасында «Үздік» БПҰ республикалық байқауына Орал қаласынан «Юнисерв» және Бөкейордасы ауданынан «Тайыр Жароков» бастауыш партия ұйымдары қатысады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақтық жобалық кеңсесімен бірлесе «Туған жер», «Киелі жерлер географиясы», «100 жаңа есім», Қазақ тілі әліпбиін латын әліпбиіне көшіру бағытындағы жұмыстар өз ретімен жүзеге асырылуда. Бес бастаманы бақылау бойынша облысымызда арнайы Қоғамдық кеңес құрылды. Бүгінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға 134 өтінім түсіп, 104-і мақұлданса, 81 облыс тұрғыны баспаналы болды. Биылғы жылдан бастап, партияның қызметін жаңғырту аясында «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларын жүзеге асыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған жаңа 20 партиялық жоба іске асырылуда. Партияның «Заманауи білім орталықтары» жобасы аясында кітапханаларды қазіргі заманғы коворкинг және білім орталықтарына айналдыруды қолға алдық. Бүгінде облысымызда жастарға арналған 7 коворкинг орталық жұмыс жасауда. Есепті жылдың қорытындысы бойынша, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары 3841 қоғамдық қабылдау өткізіп, қабылдауға 6038 адам келді. Онда 2143 азаматтың мәселесінің 35,5%-ы оңтайлы шешілді», – дейді Серік Кенжебекұлы.
Кейінгі сөз тізгінін партияның облыстық филиалының бақылау тексеру комиссиясының мүшесі Әсел Қартқожақова алды. Ол өз баяндамасында партиясының облыстық филиалындағы бақылау тексеру комиссиясының 2017-2018 жылдар аралығына атқарған жұмыстарының есебімен таныстырып, жеткізе білді.
Ал «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев өз кезегінде партия тарапынан жасалып жатқан іргелі істерге тоқталып, маңыздылығын айқындап өтті. Сөз барысында, жақын арада Мәдениет министрлігімен бірлесе отырыс онлайн-кітапхана ашылатынын айтып, жиындағыларды қуантып тастады.
«Нұр Отан» партиясы Партия Төрағасы, Елбасының тапсырмасына сәйкес, елдегі әлеуметтік жаңғыру жұмыстарына белсене қатысуда. Осы бағытта жаңа бастамаларды қолға алды. Бұл бастамалар партияның цифрландыру саясатына қосқан үлесі болмақ. Ашықтықты қамтамасыз ету, білімпаздықты насихаттау мақсатында іске асып жатқан жобалар көп. Кітапханаларды білім тарату орталықтарына айналдыру жоспарланды. Шыны керек, көптеген кітапханалар бос тұр, көп ешкім бармайды. Соны коворкинг, білім орталықтарына айналдыруды көздейміз. Қазір мұндай орталықтар он өңірде ашылса, бүгінде осы өңірде жастарға арналған 7 коворкинг орталық жұмыс жасауда. Партияның «Заманауи білім орталықтары» жобасы аясында кітапханаларды қазіргі заманғы коворкинг және білім орталықтарына айналдыру қолға алынуда. Осы орайда жақында Қазақстан Жазушылар одағымен келісімшартқа тұрдық. Зиялы қауым өкілдерін осы орталыққа тартамыз. Коворкинг орталықтарында қараша айының 5-інен кейін зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізетін боламыз. Мақсат өмірлік тәжірибесін, жеткен жетістіктерін, жазған кітаптарын, шығармаларын көрсету, насихаттау. Бұл партияның үлкен әлеуеттерінің бірі. ҚР Мәдениет министрлігімен бірлесе отырып, онлайн кітапхана ашамыз. Жыл соңына дейін 10 мың кітап цифрлы форматқа аударамыз. Батыс Қазақстанда 5 млн. 697 мың кітап қоры бар, 385 кітапхана жұмыс жасауда екен. Оның 83-і онлайн кітапхана жүйесіне қосылған. Бүгінде цифрландыруға жататын 5 290 кітаптың 3 259 кітап цифрлы форматқа аударылды. Қалған 2 200 кітап біртіндеп аударылады. Мысалы, цифрландыруды насихаттау аясында ақысыз ІТ сыныптар және ІТ орталық жобаларын қолға алдық. Бұл жердегі мақсатымыз – білім беру үрдісіне араласып, білім беру бағдарламаларына өзгерістер енгізу емес, факультативтік сыныптар есебінен ақысыз балалардың компьютерлік сауаттылығын, дағдыларын дамытуға мән бергіміз келді. Шын мәнісінде, болашақта бағдарламашы болмауы мүмкін, басқа мамандықты таңдар, бірақ жастайынан ақпаратты ойлау дәрістерін үйрету керек. Кез келген жаңа технологияны меңгеруі керек. Баланың санасында ақпараттық технологияларға деген жақсы көзқарас, сүйіспеншілік қалыптасқаны жөн. Сөйтіп өздері таңдаған мамандыққа ақпараттық технологиялар арқылы келуге дағдыланады. Ал ІТ орталықтар жұмыссыз жастарға арналған жоба. Жастардың компьютерлік сауаттылығын ашуға қосымша мүмкіндік туғызады. Өндіріс орталықтары осындай орталықтар ашып, жұмысшыларын сауаттандырады. Өйткені жаңа технологиялар үнемі өзгеруде. Бұл процеске кез келген мекеме дайын болуы керек. Қазір партия мүшелерінің саны 1 млн. 7 мыңнан асты. Бастысы, санға емес, сапаға көңіл бөлеміз. Партияда мемлекеттік қызметшілер көп деген теріс пікір бар. Шындығында мемлекеттік қызметкерлердің үлесі 5 пайыз, – дейді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев.
Ал конференция жұмысын қорытындылап, баяндама жасаған облыс әкімі Алтай Көлгінов мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда алдыңғы шепте партия мүшелері тұру керектігін тілге тиек етті. Сонымен бірге ол сөз барысында баяндама тыңдауға ұзақ уақыт жұмсағандарын, аталмыш баяндамаларды онлайн таратқанда әлдеқайда ыңғайлы болатынын да атап өтті.
"Партияның цифрландыру бағдарламасы қабылданды. Біз оны жүзеге асыруға кірістік. Соны алдымен өзімізден бастауымыз керек. Бүгін баяндама тыңдауға біраз уақыт жұмсадық. Сол баяндамаларды онлайн таратып, онлайн дауыс беруімізге болар еді. Осы жұмыстарды қолға алу керек. Сонда жиында өзекті мәселелерді талқылаған болар едік. Елбасы Жолдауының мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға, аймақтағы мәселелерді шешуге бағытталды. Президент өңірге сапарында шалғайдағы Бөкей Орда, Жәнібек, Қазталов аудандарының жол мәселесіне көңіл аударып, Үкіметке нақты тапсырма берген болатын. Келер жылдан бастап жұмыстар басталады. Міне, бұл тұрғындардың жақсы өмір сүруі үшін маңызды мәселе. Жолдауында Елбасы ауызсу мәселесіне баса назар аударды. Аймақтарда таза ауыз су мәселесі күн тәртібінде тұр. Келер жылы алыс ауылдарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуге 100 млрд. теңге бөлінеді. Ұстаздар мәртебесіне келсек, Елбасы мұғалімнің миссиясы тек баланы оқыту, дәрігердікі емдеу екенін айтты. Қосымша жұмыстар болмауы тиіс. Сондықтан оларға қолайлы жағдай жасалады. Бүгін маңызды мәселелер талқыланды. Алда үлкен жоспарлар тұр, – деп сөзін аяқтады Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Сейдірұлы.
Сұлтан Әбіш