Қазақ эстрадасындағы әні мен сәні үйлесім тауып тыңдарманын тәтті әндерімен тамсандырған Мақпал Исабекова қалыңдық көйлегін таңдап жүр.
Оның Астана қаласына арнайы ұшып келіп, көйлекті киіп көріп жатқанын көрген оқырман Baistars сайтының поштасына хабарлама жолдаған.
Осы уақытқа дейін болашақ жары түгілі, көңіл жарастырған жігіті туралы тіс жармаған әнші қыз расында да тұрмысқа шыққалы жатыр ма?!
Қалыңдық үшін көйлек таңдау көп уақытты қажет ететін мәселелердің бірі екенін білеміз. Той алдындағы қарбаласта Мақпал неге жалғыз жүр?! Құрбылары қайда? Әлде ол бұл жаңалығын жұрттан жасырғысы келді ме?
Жағдайдың анық-қанығын әзірше тек Мақпалға ғана аян.