Қазақстан Республикасының президенті Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында ел көкейінде жүрген көптеген өзекті мәселелер мен сауалдарды қамтып, олардың шешу жолдарын нақты көрсетті. «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында өткен «NurOtanTrends» пікірталас клубының кезекті отырысында аталмыш тақырып талқыланды. Бұл жолы мамандар «Елбасы Жолдауы: қоғамды ортақ мақсаттарға қалай жұмылдырамыз?» деген тақырыпта ой бөлісіп, пікір алмасты.
«NurOtanTrends» пікірталас клубында өткен шараға Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Esquire Kazakhstan басылымының шеф-редакторы Гүлнар Бажкенова, «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының өкілі Гүлмира Елеуова, Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаппай кәсіпкерлік және шағын несиелеу департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев қатысып, өз ойын ортаға салды. «Талап» қолданбалы зерттеу орталығының директоры Рахым Ошақбаев отырыстың модераторы болды. Қазақстан Республикасының президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында: «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мән мағынасын мен оның баршамыздың отанымыз Қазақстанды өркендету жолындағы маңызы мен мәнін жете түсіну қажет. Реформаларды сәтті жүзеге асыру үшін халықтың ортақ мұратына жұмылуы аса маңызды» деген еді. Сол себепті, оны жүзеге асыру мен шынайы өмірде көрініс табуына барша халық болып атсалысудың нәтижесі жемісті болатынын ескеру керек. «NurOtanTrends» пікірталас клубында өткен отырыстың шымылдығын ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Елбасының Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау еліміздің күн тәртібінде тұрған басты міндет екенін алға тартып, аталмыш құжат Қазақстан Республикасының әр тұрғынына әлеуметтік, қоғамдық хал ахуалын жақсартуға бағытталғанына назар аударды. Сонымен қатар ол «Нұр Отан» партиясының Жолдау басымдықтарының жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау жүргізетінін лға тартып, осы мақсатқа жету жолындағы маңызды тетіктерге тоқталды.
– Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы кезекті Жолдауында халық арасында жан-жақты талқыланып, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралы мен түрлі әлеуметтік желіде өте жиі талықланып, көтеріліп жүрген маңызды проблемалардың нақты шешімдері айқын көрсетілген. Оның ішінде тұрғын үй алу мәселесі, шағын және орта кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы тарифтерді шектеу, азаматтардың қауіпсіздігі секілді көптеген мәселелер қарастырылған. Бұл проблемалар үшін ең алдымен Үкімет, мемлекеттік органдар және әкімдер жауапты болғанымен, азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдар және саяси партиялар да олардың оң шешімін табуына мүдделі екені бесенеден белгілі. Сол себепті Қазақстан Республикасының президенті айқындап берген мақсат-міндеттерге қол жеткізу үшін бүкіл халық болып жұмылудың берері мол. Бұл ретте Қазақстандағы жетекші саяси күш ретінде партиямыз Жолдау басымдықтарын жүзеге асырудың тиімді тетіктерін даярлау жұмыстарына белсенді қатысуға және ары қарай қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге дайын, – деді Мәулен Әшімбаев. Расымен де, Қазақстан Республикасының Жолдауында айтқан мақсат-міндеттерін сапалы әрі өз уақытынсында орындалуын қоғамдық бақылаудың тиімді тетігін қалыптастырудың маңызы зор. Сол себепті “Нұр Отан» партиясы Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасы мен міндеттері жүйелі түрде жүзеге асырылмаса, оны Үкіметтің алдына мәселе етіп қойып, стратегиялық құжатта көрсетілген жұмыстардың орындалуын қатаң бақылауға алмақ. Оған жету жолындағы мақсатқа саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс та жақсаратын болады. Одан бөлек, аталған еңбектерді сәтті әрі нәтижелі жүргізу мақсатында «Нұр Отан» ақпараттар жинау жүйесін қалыптастыруды өолға алмақ. Бұл туралы “Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары жеткізді.
– Аталмыш жүйе аясында партиямызға мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, өңірлер және мүдделі тұлғалар тарапынан ақпараттар келіп түсетін болады. Яғни, біз Қазақстан Республикасының Жолдауы қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы мәліметтерді жинауды қамтамасыз ететін боламыз. Сонымен қатар, Мәжілістегі депутаттарымыздың аталған бағыттағы жұмысын да жандандырамыз, – деді Мәулен Әшімбаев.
Қазақстан Республикасы президентінің Жолдауын жүзеге асыру үшін Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілгені анық. Соның аясында шамамен жүздеген іс-шара өткізу жоспарда бар. Олар Қазақстан халқының табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат және әрбір Қазақстан Республикасы халқының Қазақстандағы өзгерістер үдерістеріне атсалысуы секілді алты бағыт бойынша іске асырылады. Қазақстан Республикасының бастамаларының қаржылық көлемі бір жарым триллион теңгеден асып жығылады. Ал жиынтық әсері одан да көбірек болмақ. Мұның Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін жақсарту керемет серпін беретіні белгілі. Сол себепті көптеген реформаларды бақылауға алу мәселелерін одан әрмен зорайтудың маңызы зор. Осыған байланысты Қазақстан Републикасы президенті алға қойған міндеттер мен тапсырмалар жемісті де нәтижелі жүзеге асыру үшін Үкімет пен мемлекеттік органдарға жыл соңына дейін нақты индикаторлар мен Жол картасын даярлап, реформалар үшін қажетті заң жобаларын Парламенттің қарауына уақытылы жолдауларын тапсырды. Осыған байланысты Президент Әкімшілігінде Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмаларының жүзеге асуын қатаң бақылап, тексеріп, жүйелі орындалуын талап ететін және сол бойынша Қазақстан Республикасының президентіне есеп беретін Ұлттық жаңғыру комитетін құру жоспарланып отырғаны да анық. «NurOtanTrends» пікірталас клубында өткен отырыста бұдан басқа да көптеген жақсы ұсыныстар мен түрлі ой пікірлер айтылды. Оның тоқетерін Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан халқының кезекті Жолдауының орындалуына, оған бақылау жүргізу ісіне халықты, мамандарды, үкіметтік емес ұйымдарды, саяси партияларды, басқа да мүдделі құрылымдарды тартудың маңызы зор деген бірауыз сөзбен түйіндеуге болады.
«Нұр Отан» партиясы дәл осы бағытта белсенді жұмыс істеуді күн тәртібіне қойды.
– «Нұр Отан» – Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауының жүзеге асырылуына қатысатынын, бақылауды қамтамасыз ететін, кей тұста ұтымды әрі жақсы, нәтижелі, жемісті ұсыныстар айтатын басты күштердің бірі. Бұл ретте, біз өзімізге жүктелген жауапкершілікті сезіне бастаймыз. Сол себепті Қазақстанның алдыңғы қатарлы саяси күші ретінде азаматтық қоғаммен белсенді түрде жұмыс істеуге мүдделіміз. Соның ішінде Қазақстан Республикасының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауда айтылған мәселелер мен тапсырмалар жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың орындалуын және өңірлердегі жағдайды қадағалайтын мониторинг жүйесін құрудың маңызы өте зор. Бұл бағытта біз бизнес қауымдастықпен, үкіметтік емес ұйымдармен, сарапшылармен, мемлекеттік органдармен, әлеуметтік құрылымдармен бірлесіп еңбек етуге әрқашан әзірміз. Себебі Қазақстан Республикасының Қазақстан Халқына кезекті, жыл сайынғы Жолдауында айтылған міндеттерді ұтымды жүзеге асырып, олардың халыққа нақты пайдасын тигізу – біздің ортақ мақсатымыз, – деді Мәулен Әшімбаев.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті де, ірі, шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты бастамаларға назар аударды. Ал Esquire Kazakhstan басылымының шеф-редакторы Гүлнар Бажкенова тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру ісіне қатысты нақты мысалдар келтіре отырып, ұтымды ұсыныстарын айтып өтті. Басқа да қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша өз ой-пікірлерін талқылады. Пікірталас қорытындысына сай нақты ұсыныстар пысықталып, олар Үкімет, Парламент және жергілікті атқарушы органдарға жолданады.