Қазақстан Республикасы президенті өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында экономикадағы бәсекелестікті арттыру мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату керектігін баса айтып өткен болатын. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырыла бастады. Оның ішінде ерекше атап өтетін болсақ, «Нұр Отан» партиясының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жақсартуға негізделген жұмыстарды орындауды жан-жақты қарастырып жатқанын айрықша атап өткен абзал болар. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның алқа отырысына қатысқан партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жеткізді. Бас прокуратураның алқа отырысында электр қуаты мен жылудың бағасын қалыптастырудағы заңдылықтар да қызу талқыланды. Оған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжанов, орталық мемлекеттік органдар мен монополист-кәсіпорындардың басшылары және облыстық прокуратура өкілдер қатысып, өз ойын ортаға салды. Облыстық прокуратура өкілдер қатысқан жиынның шымылдығын Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Қазақстан Республикасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Қазақстан Республикасының халқына Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополия қызметтерінің бағасын қымбаттатпау туралы тапсырмасы жиынға қатысушылардың назарын аударды.
– Қазақстан Республикасының президенті монополистердің жұмысына ұтымды мониторинг жасауды және баға орнату кезінде ашықтықты қамтамасыз ету қажеттілігің зор екенін айтты. Тариф мәселесі Қазақстан халық үшін өте маңызды, себебі отбасылық бюджеттен коммуналдық қызметтерге айтарлықтай қаржы жұмсалатыны анық, – деді Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров . Сонымен бірге, Қайрат Қожамжаров тариф белгілеуге қатысты бірқатар салалық мәселелерді, соның ішінде Энергетика мен Ұлттық экономика министрліктері тарапынан мемлекеттік бақылаудың тиісті деңгейде жүргізілмегенін атап өтті. Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның жиыны барысында прокуратуралық тексерулер кезінде анықталған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы мәселелер де талқыланды. Атап өтер болсақ, көптеген электр стансалары ұзақ уақытқа тұтынушылар үшін электр энергиясының бағасын қымбаттатуға әсер еткен негізсіз тарифтер бойынша жұмыс істеп келген. Соның нәтижесінде, энергия беруші және жабдықтаушы ұйымдар тарифтерді көтеру арқылы 29 миллиард теңге мөлшерінде табс тапқан. Мысалы, «Астанаэнергосбыт» мекемесі тарифті қалыптастыру кезінде электр энергиясын 11,8 теңгеден сатып алатынынанық көрсеткен. Шын мәнісінде электр энергиясын одан 2 есе арзан бағаға сатып алғаны белгілі болған. Соның салдарынан Қазақстан Республикасының астынасы Астана тұрғындарынан 2,6 миллиард теңгеге артық ақша ешбір негізсіз алынды. Мұнайлы қала Атырау, Қазақстан Республикасының оңтүстік Астана Алматы, Ақтөбе, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жабдықтаушылар да дәл осындай әрекетпен 1 миллиард теңге көлемінде заңсыз пайда тапқаны анықталды. Монополистер прокурорлық іс-шаралардың нәтижесінде 5 миллион тұтынушыға 13 миллиард теңгеге жуық шығынды өтеген. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының он төрт өңірінде электр қуаты мен жылудың бағасы арзандатылған. Одан бөлек, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның алқа отырысында жылу бағасына қатысты да көптеген олқылықтар айтылды. Бұған дейін де Қапшағай қаласында бір бөлмелі пәтерді жылыту үшін шамамен 9,5 мың теңге төленсе, қабылданған шаралардан кейін ақысы – бұл баға 4,5 есеге арзандап, 2,2 мың теңге болған. Қазақстан Республикасының тұрғындарына жылу есептейтін жабдықтарды орнату кезінде мемлекеттік қаражат тиімсіз жұмсалған. Мысалы, Қарағанды облысының Саран қаласында орталықтандырылған жылудың жоқ екендігіне қарамастан, осыдан үш жыл бұрын, яғни 2015 жылы 215 миллион теңгеге 274 жылу есептеуіш жабдығы орнатылған. Қазіргі таңда бұл іс-әрекет бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сотқа дейінгі тексеру нәтижесінде жалпы он бес лауазымды тұлға жіберген келеңсіздіктер үшін жазаға тартылса, монополистерге 159 миллион теңге айыппұл салынып, 10 қылмыстық іс қозғалған болатын. Өз сөзін қорытындылай келе Қазақстан Республикасының Бас прокуроры табиғи монополиялар субъектілерінің басшыларына халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті барынша сезініп, жұмыс тәртібін өзгертуге үндеді.
– Энергия қорының елеулі бөлігінің қолдарыңызда болуы сіздерге тұтынушылардың мүдделеріне назар аудармау құқығын бермейді. Прокуратура органдары құқыққорғау функциясын ескере келе, тарифтерді белгілеу мәселелерін жүйелі түрде бақылайды, – деді ведомство басшысы. Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары табиғи монополиялардың қызметіне тарифтердің өсуі бүгінде халықты алаңдатып отырған ең өзекті мәселелердің бірі екенін айтты. Сондықтан да Қазақстан Песпубликасының президенті аталмыш мәселеге айрықша көңіл бөліп, Қазақстан Республикаасы президентінің Қазақстан халықына арналған жыл сайынғы кезекті Жолдауында Үкіметке аталған салада белгіленген тәртіпті нығайту жөнінде нақты тапсырмалар бердіОның арасында Қазақстан Республикасы президентінің Жолдауында жүзеге асырылуына белсене қатысу және аталмыш жұмыстарға қоғамдық бақылау орнату міндеті «Нұр Отан» партиясына жүктелгені анықталды. Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясы білек сыбанып іске кірісіп кетті.
– Бүгінде «Нұр Отан» партиясы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жақсартуға бағытталған арнайы жобаны қолға алып, оны жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруда. Одан бөлек, табиғи монополиялардың қызметі мен тарифтерді белгілеу ісіне тиімді қоғамдық бақылау жүргізуді де жоспарлап отырмыз. Осы саладағы Елбасы тапсырмаларын орындау үшін партия, үкіметтік емес ұйымдармен бірге мемлекеттік органдармен де күш біріктіруге дайын, – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев аталған саладағы заңнамаларды жетілдіру де маңызды міндеттердің бірі екеніне тоқталды.
– Қазіргі кезде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополияларды реттеуге қатысты екі бірдей заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Біздің Мәжілістегі фракциямыз аталған заң жобаларын Елбасы тапсырмаларына сай жетілдіру үшін тыңғылықты жұмыс істеуде. Жуырда ғана партия жанындағы Құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысында да жан-жақты талқыладық. Бүгінгі алқа отырысында қарастырылған тиімді тетіктер осы мәселеде де өз септігін тигізеді деп сенім білдіремін, – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның алқа отырысына Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжанов та аталған мәселеге қатысты өз пікірін ортаға салды, өз ұсыныстарымен бөлісті. Ал Қазақстан Республикасы Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин баяндама жасап, Қазақстан Республикасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты маңызды мәселелерге кеңінен тоқталды. Іс-шара соңында тарифті қалыптастыру кезінде ашықтық деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар қабылданып, алдағы жұмыс жоспары пысықталды.