Қарағандыдағы тасқын қанша шығын әкелді (сандар сөйлейді)

/uploads/thumbnail/20170708174248195_small.jpg

Бүгін "Қамшы" порталының журналистері Қарағанды облысындағы сел тасқынынан кейінгі ахуалды білмек болып, Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметіне хабарласты. Ресми органның баспасөз қызметінен жауап болмады. Содан облыс әкімінің баспасөз қызметіне хабарластық. Әкішілік қызметкері Ольга Кабаргина ханым бізге облыстық "Жұмылдыру жұмысы және ТҚК бөлімінің ресми ақпаратын жеткізді (Облыстық ТЖД аталмыш бөлімнің құрамына кіреді).

Абай ауданы

9 сәуір күні Абай ауданында күннің күрт  жылынунан аймақта сел жүріп, 4 тұрғын үй, 3 балабақша және 1 аурухана лайдың астында қалып, және 4 тұрғын үй жарықсыз қалған.  Аталмыш жерге ТЖД 19 техника мен 28 адам күші жұмылдырылған.

10 сәуір күні "Жұмабек" плотинасы жарылып, аймақта толықтай төтенше жағдай жарияланған. Жұмабек Курминский ауылдық округінің  17 жеке тұрғын үйін  су шайып, қолдануға жарамсыз хәлге түскен.  ТЖД 17 техника мен 90-ға жуық адам күшін жұмылдырып, 61 ауыл тұрғыны қауіпсіз аймаққа шығарылған. Сол күні, алапат сел "Жезқазған-Қызылорда" бағытындағы республикалық трасса арқылы аймақтың басқа да өңірлеріне жайылған. Оқиға орнына жеткен ТЖД қызметкерлері дамбылар орнатып, тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға көшірген. Аталмыш аймақтарда  зардап шеккен тұрғындар тіркелмеген. Алайда, тұрғындардың кейбірінің үйлері пайданауға жарамсыз хәлге түскен.

Сондай-ақ, "Топар" су қоймасы жарылып, Құлайғыр ауылында -10 үй, Қояндыда -29 үй, Шеректі өзенінің бойында орналасқан Кһксу ауылында -21 үй топан судың астында қалған. Аймақта ТЖД қызметкерлері жеткенше 113 тұрғын сел қоршауында қалып қойған.

Жалпы Абай ауданындағы су тасқынынан 3196 адам қауіпсіз аймақтарға көшіріліп,  4179 мал басы судан шығарылған.

Асқаров ауданы

12 сәуір күні Асқаров ауданында төтенше жағдай жарияланған. Аймақта орналасқан бірнеше ауылдық округтерді су шайып, 51 тұрғын үй судың астында қалған. Сонымен қатар, 1710 адам мен 296 бас мал қауіпсіз аймақтарға шығарылған. Асқаров ауданындағы судың биіктігі 30 см-ге дейін жеткен.

Нұра ауданы

11 сәуір күні Нұра ауданында төтенше жағдай жарияланған.  Сел салдарынан 18 жол учаскілері зақымданған.  432 тұрғын су шайған аймақтан шығарылып, 100-ге тарта ТЖД қызметкерлері жұмыс жасауда. Аталмыш аймақтарда мектеп, балабақша, арухана секілді бірқатар әлеуметтік мекемелер зақымданған. Қазіргі уақытта тұрғандар өзге аймақтардағы туыстарының үйін паналауда. Ал аймақта қалған еріктілерде құралған жасақтар дамбы құру, қапқа топытақ толтыру секілді жұмыстарды атқаруда.

Теміртау қаласы

9 сәуір күні Теміртау қаласында төтенше жағдайлар дамъбылы қағалған. Алайда дабыл қағылған мезетте сел жүрмеген. Теміртаулық ТЖД қызметкерлері сақтық шаралары ретінде қала бойынша дабыл белгісін қаққан.

10 сәуір күрт қар еріп, қалада сел жүрген. Оқиға кешкі сағат 17:00 шамасында болған. Қауіпті барлығы 865 адам қауіпсіз аймаққа шығарылған. Олардың 276-сы кішкене нәрестелер болған.

Шахтинск қаласы

12 сәуір күні кешкі сағат 18:00 шамасында Шахтинск қаласында төтенше жағдай дабыл қағылған. Сел тасқыны жүрген қауіпті амақтан барлығы 135 адам шығарылған. Ал 122 адам өз еркітерімен қалдан шығып кетсе, 45 адам баспаналарын тастап қашудан бас тартқан.

Аталмыш өңірлерде күн райының күрт жылынуынан ауа температурасы 29-30 градусқа дейін көтерілгіп,  салдарынан жиынтық қарлар мен мұздар еріп, өңірлерде төтенше жағдай жарияланған.  ҚР ТЖМ  Республика аумағындағы барлық ТЖБ қызметкерлері дабыл қызметі режіміне ауысқан.

Нұркелді Әбдіғаниұлы

"Қашмы" сілтейді

Қатысты Мақалалар