«Балама тілек» байқауы басталды

/uploads/thumbnail/20181114135721756_small.jpg

Talbesik.kz тәрбиелік-танымдық сайты барлық әкелерге арналған «Балама тілек» атты жақсы сөздерден құралған мәтінге байқау жариялайды.

Байқау 2 шарттан тұрады: 

  1. Үміткер баласына арнап жазған мазмұнды тілегін WhatsApp желісі арқылы +7 747 092 52 67 нөмеріне аты-жөнін көрсетіп жолдайды;
  2. Үміткер тілегін фейсбук немесе инстаграм әлеуметтік желілеріндегі парақшасында кез келген суретпен #Talbesik хэштегін көрсетіп жариялауы тиіс;

Байқауға келіп түскен жұмыстар Talbesik.kz сайтына жарияланып отырады.

Байқауға қатысудың соңғы күні 29 қараша. Жеңімпаздардың есімдері 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш президенті күніне орай жарияланып, қаржылай марапатталады. Жүлденің жалпы қоры – 50 000 теңге.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар