Мемлекеттік тілде жазылған жарнамадағы қателік үшін айыппұл салынады

/uploads/thumbnail/20170708150936415_small.jpg

Қарағанды көшелеріндегі жарнамаларда орфографикалық қате өріп жүр, деп хабарлайды 

24 кз.

Орыс тілінен сауатсыз аударылған жазулары бар маңдайша мен тақтайшаның дені жеке кәсіп иелеріне тиесілі. «Жалпы ҚР Тілдер туралы заң шағын және орта бизнес саласында өрескел бұзылады» – дейді мамандар. Мәселен, құрылыс материалдарын сататын орталықтың жарнама тақтасында қазақ тілі әбден қорланған. Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасының мамандары кәсіпкерлерге ескерту жасап, кемшілікті түзетуге бір ай уақыт берді.

Хамит ОМАРОВ, Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығы: - Жыл бойында лауазымды, жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар тарапынан көрнекі ақпаратпен деректемелерді орналастыруда кемшіліктер табылатын болса, олар бірінші жолы ескерту алады. Сосын жыл бойында аталған кемшіліктер қайталанатын болса, онда оларға әр категория бойынша айыппұл салуға мүмкіндік туады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар