Ресейғарыш: наурызда Байқоңырдан екі зымыран ұшырамыз

/uploads/thumbnail/20170708150936185_small.jpg

Ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарына сәйкес Ресейғарыш  ағымдағы жылдың наурыз айында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан екі рет ұшыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда, деп хабарлады Ресей ғарыш ведомствосының баспасөз қызметі. Ғарыш жобасының аясында №200 алаңнан «Бриз-М» үдеткіш блогы бар «Протон-М» зымыран-тасымалдағыштың көмегімен «СатМекс-8» байланысын ұшыру жоспарлануда. Сондай-ақ көктемнің алғашқы айында №1 алаңнан Халықаралық ғарыш стансасына 35-/36 ұзақ экспедициясының экипажын жеткізу үшін «Союз ТМА-08М» жүк кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран-тасымалдағышын ұшыру көзделуде. ҚазАқпарат

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар