«Астана арландары» жеңіске жетті

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Қазақстандық "Астана арландары" бокс командасы топтық кезеңдегі соңғы кездесуін өткізіп, айқын жеңіске қол жеткізді. Естеріңізге салайық, боксшыларымыз 1 наурыз  күні  Алматы шаршы алаңында "Неміс қырандарымен" күш сынасқан болатын. Бұл кездесудегі ең қызықты жекпе-жек аса ауыр салмақта орын алды. Жерлесіміз Руслан Мырсатаев неміс боксшысы Эрик Брехлинмен қолғап түйістіріп, екінші раундта оны нокаутқа жіберді.

Орта салмақта өнер көрсететін Ержан Мүсәпіров те кездесуін таза жеңіспен аяқтады. Оның қарсыласы алғашқы раундтан соң-ақ жұдырықтасудан бас тартқан. Арландар сапынан Константин Снигур мен Эхсан Рузбаханилер де команда қоржынына ұпай салды. Ал, ең жеңіл салмақта шаршы алаңға шыққан Мирас Жақыпов румындық легионері Николае Андрианнан жеңіліп қалды. Осы жеңісінен кейін "Астана Арландары" 24 ұпай жинап, В тобында бірінші орынға тұрақтады. BAQ.KZ

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар