Қытайдағы қазақтар арасында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Пейіл футбол чемпионаты» жетінші кезекті жарыс шымылдығын сәуір айының 28-і күні Үрімжі қаласындағы Шынжаң университетінің оңтүстік оқыту ауданында бастайды.
Аталмыш додаға Шынжаңның әр аудан, аймағынан келген 15 футбол құрамасымен бірге Қазақстан Республикасының өкілі ретінде Үрімжідегі Қазақстан елшілігінің футбол құрамасы да қатысады. Төменде қатысатын құрамалардың тізімі:
- Алатау футбол клубы ( Бұратала Моңғол автономиялы облысы)
- Қыран футбол клубы ( Алтай аймағы, Алтай қаласы)
- Көкқамыр футбол клубы ( Іле Қазақ автономиялы облысы, Құлжа ауданы)
- Дос – 93 футбол клубы (Үрімжі қаласы)
- Көк бөрі футбол клубы (Тарбағатай аймағы, Шәуешек қаласы)
- Жалғас футбол клубы (Қарамай қаласы)
- Керуен футбол клубы (Іле Қазақ автономиялы облысы, Тоғызтарау ауданы)
- Сұлубай футбол клубы (Алтай аймағы, Шіңгіл ауданы)
- Арыс футбол клубы (Санжы Хуйзу автономиялы облысы)
- Сахара футбол клубы (Іле Қазақ автономиялы облысы, Тоғызтарау ауданы)
- Еміл футбол клубы (Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін ауданы)
- Игілік футбол клубы (Үрімжі қаласы)
- Башбай футбол клубы ( Тарбағатай аймағы, Шағантоғай ауданы)
- Пейіл футбол клубы (Үрімжі қаласы, студенттер құрамасы)
- Қараған футбол клубы (Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін ауданы)
- Қазақстан елшілігінің футбол клубы ( Үрімжі қаласы)
Доданы ұйымдастырушылар футбол жанашырлары мен жанкүйерлерін және студент жастарды шақырады!
Шараның мақсаты футболды халықаралық достықты нығайту және азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануына себепкер болу дейді ұйымдастырушылар.
