Ақжайықтың бұрынғы футболшысы ИШИМ сапында күресіп жүр

/uploads/thumbnail/20170708175551714_small.jpg

Оралдық "Ақ жайық" футбол клубының бұрынғы ойыншысы ИШИМ сапында, Сирия территориясында соғысып жүр. Бұл туралы БҚО ІІД-нің баспасөз-қызметі хабарлаған.

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратта, 2007-2001 жылдар аралығында "Ақжайық" футбол клубының сапында өнер көрсеткен Айбек Губайлуллинге халықаралық іздеу жарияланған.

- 2015 жылдың 12 қаңтарынан бастап Айбек Губайлуллин халықаралық іздеуде. Оған Сирия территориясында әскери қақтығыстарға қатысып, террирлық топтың мүддесіне қызмет етті деген күдікпен іздеу салынған,-дейді ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қазір Айбек Губайдуллин ҚР ҚК 257 бабының, 2- тармағы бойынша, "терриристік топтың құрамында болып, террористік актілер жасауға әрекет еткен" деген айып тағылған.

Әзірге, бұрынғы футболшы табылмаған. Құқық қорғау органдары мәліметіне сүйенсек, ол әлі күнге дейін Сирия территориясында жүрген болуы мүмкін.

2014 жылдың 30-желтоқсанында 1988 жылғы Айбек Губайдуллиннің үстінен ҚР ҚК 233 бабы, 2-тармағы бойынша сот сырттай үкім шығарып, қамауға алу туралы шешім қабылданған болатын.

Айбек Губайдуллин "Ақжайық" сапында өнер көрсеткен уақыт аралығында команда капитаны болған. Алайда, ол өзінің футболдық карьерасын аяқтамаған.

2010 жылғы оралдық "Ақжайық" клубы талдықорғандық "Жетісу" клубынан жеңіліс тапқаннан кейін, ол өзінің командаластарымен бірге Орал қаласындағы кафелердің бірінде төбелес шығарып, шуы даудың ортасына іліккен. Осы жанжалдар кезінде ол бірнеше дене жарақатын алып, дәрігерлердің көмегімен, футболға қайта оралған. Тіпті "Ақжайық" сапында бірнеше жыл, Қазақстанның бірінші лигасында өнер көрсеткен. Кейін, ол өз еркімен карьерасын тәмамдайтынын мәлімдеген болатын.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар